«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Абылай Мырзахметов: «Қазақстанда автотасымалдаушыларды субсидиялауға деген бірыңғай тәсілді жасап шығу қажет»

2015 жылғы 14 Қазан
8974 просмотров

Қазақстанның автокөлік ұйымдары алғаш рет Астанада бас қосып, сала түйткілдерін ортаға салды.

«Автотасымалдаушыларды субсидиялау мәселелерінде, өкінішке орай, бірыңғай ұстаным, әдіснама жоқ. Әрбір облыста әкім қаншалықты түсінсе, соншалықты деңгейде шешіледі. Меніңше, жағдайды бұлай қалдыруға болмайды. Дегенмен бизнестің бұл түрі әлеуметтік маңызға ие. Бұл жерде жергілікті биліктің бюджетінде аталмыш мәселелер ескерілуі үшін, Үкіметпен бірігіп үлкен жұмысты еңсеру қажет», - деді «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов жиналысты аша отырып.

Ол сонымен бірге кәсіпкерлер арасында жосықсыздары да кездесетінін баса көрсетті. «Қауымдастық аясында («Kazlogistics» Автокөлікшілер одағы – автор,еск.) олармен де жұмыс жүргізіп, сала стандарттарын жақсарту қажет. Ұлттық палата қауымдастыққа жан-жақты көмек көрсетеді», - деп мәлімдеді Абылай Мырзахметов.

«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасы Логистика және тасымалдаушылар комитетінің мүшесі, «Kazlogistics» ҚР Автокөлікшілер одағының басқарма төрағасы Серік Әліғожинов баяндамасында еліміздегі автокөлік құралдары паркінің тозу түйткіліне назар салды. Оның сөзінше, кәсіпкерлер қоластындағы жүк автомобильдерінің 47%-ы 25 жылдан астам уақыт пайдаланылып келе жатыр, 24%-дан астамы – 15 жылдан аса, 6%-дан астамы - 10 жылдан аса. Парктің 340 мыңнан астам бірлігі пайдаланылып жүр, ол 78%-ды құрайды, және де іс жүзінде шығысқа жазылуға тиесілі. 22 мың автобус 25 жылдан аса пайдаланылуда, 15800 – 15 жылдан аса және тағы мыңнан көбі - 10 жылдан аса.

«Жоғарыда келтірілген деректер жолаушылар және жүк тасымалы сапасына, жол қозғалысы қауіпсіздігіне, экологияға, өнімділік пен паркті қолдану тиімділігіне жағымсыз әсерін қалдыратыны сөзсіз. Жол қозғалысының қауіпсіздік ахуалын жақсарту мақсатында жол қозғалысы қауіпсіздігі жөніндегі ұлттық бағдарламаны дайындап, бекіту қажет», - деп атады Серік Әліғожинов.

Оның сөзінше, автокөлік саласының дамуына қолданыстағы салық жүйесі кедергі келтіреді. «Табыс көлемі шағын тұрақты кәсіпкерлер үшін салық салудың жеңілдетілген жүйесі енгізілген кезде елімізде ірі және орта тасымалдаушылар үшін тең емес жағдай жасалды. Жекелеген кәсіпкерлер бизнесін жеке кәсіпкерлік ретінде тіркей отырып, оны бөлшектеуге, көлеңкеге кетуге мәжбүр. Сондай-ақ салық жүйесі түрлі заңсыз тасымалдаушылардың пайда болуына әкелді. Салық жеңілдіктеріне, жеңілдетілген салық режиміне ие бола отырып, заңсыз тасымалдаушылар баға демпингі арқылы нарықты тартып алады және көптеген тұрақты бағыттарды шығынды деңгейге көшіре отырып, заңды ұстанатын кәсіпкерлердің тарифтерді төмендетуіне сеп болады», - деді Автокөлікшілер одағының төрағасы.

Серік Әліғожинов сонымен қатар әлеуметтік маңызы бар жолаушыларды автобуспен тасымалдау саласында еңбек ететін кәсіпкерліктің салмақты түйткілі ҚҚС пен КТС салу жүйесі болып табылатынын баса көрсетті.

«Аталмыш салықтардың әлеуметтік маңызы бар тасымалдаушыларға тигізер әсерін зерттеу мақсатында 2013 жылғы қаржылай қорытынды бойынша Қазақстандағы ең ескі Алматы жолаушылар тасымалы кәсіпкерлерінің қауымдастығы кәсіпкерлерінде аудит және тексеріс жүргізілді. Алматы қаласы бойынша бір жыл ішіндегі қалалық жолаушылар тасымалына кететін кәсіпкерлер шығыны 580 млн. теңгені құраған. ҚҚС пен КТС төлеуден босату жолашыларды автобуспен тасымалдау шығынын жабуға әрі бизнесті дамытуға мүмкіндік берер еді. Ұлттық палата аталмыш мәселені көтеріп, оны жұмыс тобы қарауда», - деп атады ол.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер