«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Тасымалдаушылар қызмет көрсету нарығындағы қиындықтар себебін айтты

2017 жылғы 14 Желтоқсан
8428 просмотров

Жекеменшік тасымалдаушылар ҚҚС (қосылған құн салығы) мен КТС (корпоративтік табыс салығы) төлемдерінен босату сұрайды

Ұлттық палатада «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқалығының Логистика және тасымалдау комитетінің отырысы және «KAZLOGISTICS» Қазақстанның көлік тасымалдаушылар одағының жылдық жалпы жиыны өтті.

Отырыста комитет төрағасы Қанат Алпысбаев төралқалық етіп, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Президенті , «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Елдос Рамазанов, мемлекеттік орган өкілдері, салалық қауымдастықтар және кәсіпкерлер қатысты.

Биылғы жылдың жұмыс қорытындыларын Комитет төрағасының орынбасары Юрий Лавриненко баяндады. Әсіресе, төраға қазіргі таңдағы халықаралық автокөлік тасымалының тиімділігінің қажетті деңгейде бағаламау жағдайы орнағандығы жайында айтты.

«Бұл тек экспорт емес. Халықаралық сауда ұйымының терминологиясына сәйкес халықаралық нарықта трансшекаралық қызмет көрсетуді ұсыну заңды үлесін алу үшін күресуде. Сәйкесінше, жүру бағыты бойынша барлық қаражатты Қазақстан алып, кіліс ЖІӨ, салықты құрайды. Сол себепті мемлекет тарапынан қолдаудың маңызы өте зор», - деді Юрий Лавриненко.

Логистика және тасымалдау комитетінің мүшесі Серік Әлиғұжинов та осы ұстанымды қолдап, жолаушы көлік тасымалдау саласындағы, әсіресе өңірлердегі әкімдіктер мен мемлекеттік органдар тарапынан қажетті қолдаудың болмайы сынды қауіп тудыратын жағдайға назар аударды. Бірқатар өңірлерде жергілікті атқарушы органдар муниципальдық саябақтар ұйымдастырып, ауқымды көлемдегі субсидиялар бөлінеді.

«Өңірлердегі жергілікті атқарушы орган жолаушылар тасымалындағы шығындарға байланысты жауапкершілікті сезіну қажет. Себебі өңірлерде муниципальдық саябақтар құрылып,  олар үшін жаңа автобустар сатып алынады да тек муниципальдық саябақтарға субсидиялар бөлінеді. Мұндайды тоқтату қажет. Нарықтан ысырылып жатқан жеке бизнеске де назар аудару керек. Бизнестен ауыртпашылықты алу мақсатында жолаушы тасымалдауда саласы автобустарды жаңарту үшін жеңілдікті несие қаражаттарымен қамтамасыз ету әлеуметтік сала болғандықтан ҚҚС (қосылған құн салығы) мен КТС (корпоративтік табыс салығы) төлемдерінен босату қажет. Мемлекет тарапынан қолдау барлығына тең болуы тиіс», – деді Серік Әлиғұжинов.

Елдос Рамазановтың айтуынша мемлекеттік қолдау мәселесі «Атамекен» ҚР ҰКП ерекше қадағалауында. Әкімдіктер мен ҚР Инвестиция және даму министрлігінің қатысуымен өткізілген селекторлық отырыста игерілді. ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Маминның атына хат жолданып, аталған мәселе жоғары деңгейде қарастырылуы қажеттігі айтылды.

Автокөлік тасымалдау саласы мен отандық тасымалдаушылардың бәсекеге қабілеттілігі бойынша шешілген мәселелері жайында Автокөлік тасымалдау қосалқы комитет төрағасы Теодор Каплан айтты.

«Күрделі мәселені шешуді сұрамаймыз. Автокөліктік тасымалдауды бақылау ұйымдары одақтың шарттарын орындауын сұраймыз. Ішкі шекаралардан сыртқа шығарылды. Қазақстаннан заң бұзушылықтармен келетін тасымалдау көлігі жайында барлық ақпаратты тексереді. Біз тексеруді жүргізбеуіміз керек. Инспектордың міндеті тасымалдаушыны анықтап, заң бұзушылықтың болғандығын дәлелдеу. Бірақ бұл жұмыс жасалмайды», - деді Теодор Каплан.

«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Елдос Рамазанов аталған мәселелер барлық тараптардың ойын ескере егжей-тегжей талқылануда екендігін айтты.

«Осы жылы вице-министр Роман Скляр бастаған Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Инвестиция және даму министрлігі бірлесе ұйымдастырған жұмыс тобы жақсы жұмыс жасады. Жалпы жасалған жұмыс жоспарының 80% жүзеге асты. Бұл жұмыс жасау алаңының тиімділігінің көрсеткіші. Жұмыс топтарымен ары қарай жұмыс жалғасытыруды ұсынамыз», - деді Елдос Рамазанов.

Темір жол көлік тасымалы қосалқы комитетінің төрағасы Илья Сегал бірқатар даулы мәселелерді көтерді. Темір жол тасымалдаушы мен экспедиторлық компания арасындағы көпшілік келісімінің жобасын бекіту, тасымалдау процессінің қатысушылары мен кеден органдарының өзара әрекет ету ережелер жобасын қарастыру уақытының созылуы талқыға салынған мәселелер қатарында.

Отырыс барысында жылжымалы құрамдармен қамтамасыз ету мәселесін қайта көтерді.

«Біздің ойымыз: вагондарды дөңгелек үстіндегі қоймаларға айналдырудың қажеті жоқ», - деді Қанат Алпысбаев.

«Атамекен» ҚР ҰКП Логистика және тасымалдау департамент директоры – басқарушы директор Рустан Дженалинов 2017 жыл бойынша Қазақстанда көлік тасымалдау-логистика саласының дамуы Жол картасын жүзеге асыру және Ұлттық палата функцияларын жүзеге асырудағы салалық қауымдастықтарды жұмылдырудың модельдік келісімдері бойынша мәлімдеді. Қосалқы комитеттің төрағасы көлік тасымалдау және логистика түрлері бойынша Комитеттің жұмыс жоспарымен бөлісті.

«Логистика және тасымалдау комитетінің салалық қауымдастық мүшелерінің барлығына заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілерді міндетті сараптама уақытында сараптамаға нақты негіздер қамтамасыз ететіндігін ескеру қажет және оның нәтижесінде қосымша жұмыс пен нақтылау керек болады», - деді Рустан Дженалинов.

«E-freight» жобасы аясында ҚР Инвестиция және даму министрлігінің Архитектура және қала құрылысы комитетінің жұмысын жандандыру жайында және шағын авиацияны дамыту бойынша жұмысты жалғастыруды «Атамекен» ҚР ҰКП Азаматтық авиация қосалқы комитетінің төрағасы Болат Наурызалиев айтты.

Сонымен қатар, отырыста су көлігі тасымалдау қосалқы комитетінің даулы мәселелері талқыланды. «Өз жүгі-өз флоты» принципі бойынша отандық кеме қатынастары компанияларын тасымалдауға жұмылдыру және дамыту қажеттілігі жайында Николай Юдин хабарлады.

«Осыған дейін Каспийда жұмыс жасау үшін шетелдік флот қажет еді, қазіргі таңда флот өзімізде бар. Өз мемлекеттерінен қолдау алатын шетелдік кемелер отандық жүкті тасымалдап жатыр. Біздің су көлік тасымалдаушылары мен бюджет көлік тасымалдау сынды кірістер мен бәсекелестікті дамытуда артта қалуда», – деді Николай Юдин.

Көлік тасымалдау қосалқы комитетінің төрағасы Ерзат Исқалиев жоспарлық тапсырмаларды орындау барысы мен қосалқы комитеттің іс-шаралар жоспары хабарланды.

Отырыс нәтижесінде қосалқы комитеттің жұмысы жақсы бағаланып, 2018 жылға қойылған жоспарларды жүзеге асыру қажеттілігі алға қойылып, тасымалдау саласының шешімін таппаған мәселелерін қарастыру мақсатымен ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Маминға хат жолдау шешілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер