«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жалға алынған жерлер жайлы

2015 жылғы 08 Қазан
10551 просмотров

Қазақстанның Парламенті жер иелерінің құқығын кеңейтетін заңды қабылдады

Жуық арада Қазақстанда жалға алынған ауылшаруашылық мақсаттағы жерді қолдану бойынша шектеулер алынып тасталады. Сенаттың алқа отырысында мақұлданған қолданыстағы Жер кодексіне жасалатын түзетулер пакетінде осындай норма көзделген.

"Ұсынылған норма жерді пайдаланушылардың жалдау құқығымен құқықтық мәмілелер жасауына, атап айтқанда, банкке кепілдікке қоюға, жалдау мерзімінің бойында иесіздендіруге мүмкіндік береді", - деді ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев заң жобасын сенаторларға таныстыра отырып.

Заң жобасында сонымен бірге жер телімдерін жеке және заңды тұлғаларға ұсынудың жаңа ережелері орнатылуда. Сонымен, мемлекеттік меншіктегі ауылшаруашылық мақсаттағы жерлер аукцион арқылы сату жолымен берілетін болады.

«Бірінші кезекте – жер телімінің кадастрлық (бағалау) құнын көтеруді көздейтін аукцион арқылы. Егер екі аукцион қорытындысы бойынша сатылмаса, онда жер телімінің бағасын кадастрлық құнынан ең төменгі шегіне дейін (кадарстрлық құннан 50%) төмендетуді көздейтін аукционға шығарылатын болады», - деп түсіндірді Ерболат Досаев.

Заң жобасында сонымен қатар жалданған жер телімін өтемін төлеп алу бойынша жеңілдікті шарттар ұсынылған. Министр жаңалыққа түсінік бере отырып, аталмыш норманың қазіргі жер пайдаланушылар мүддесін ескеретінін және оларға бұрындары ұсынылған ауылшаруашылық мақсаттағы жер телімдерін кадастрлық құнынан 50% мөлшерінде белгіленетін жеңілдікті бағамен 10 жылға дейін бөліп төлеумен жалдау мерзімі аяқталғанға дейін жеке меншікке өтемін төлеп алу құқығын беретінін атады.

Жанар Сердалина 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер