«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстандық брендтерді шетелде өркендету

2015 жылғы 08 Қазан
12977 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП және Қонақжайлылық индустриясы федерациясы тауарлар мен қызметтер сапасы саласындағы меморандумға қол қойды.

«Атамекен» Ұлттық палатасы Әлеуметтік-еңбек қатынастары департаментінің директоры Салтанат Әбдікәрімова атап өткендей, Қазақстанның тауарлары мен қызметтерінің бәсекеге қабілеттілігін, тауар өндірушілер имиджін көтеру үшін, нарықтағы өркениетті қатынастар қалыптасуы үшін екі ұйым күшін біріктірмекшіміз.

Оның айтуынша, меморандум кәсіпкерлік ортада адал ниетті іскерлік тәжірибелерді таратуға, пайдалы, экологиялық, қауіпсіз тауарлар мен қызметтер өндірісі арқылы қазақстандықтар өмірінің сапасы стандартын көтеруге сеп болады.  

«Біз отандық таңбалар мен брендтердің танылуын, өтімділігі артуын және шетелдік нарықтарға шығу мүмкіндігіне ие болуын қалаймыз. Тараптардың әрекеттестігі отандық тауар өндірушінің мүмкіндіктерін кеңейтуге, Қазақстан аумағында ұсынылатын түрлі тауар санаттары брендтерінің танылуын, Қазақстанда жасалған/көрсетілген нақты тауардың немесе қызметтің танымал болуына жәрдемдеседі», - деді Салтанат Әбдікәрімова.

ҰКП өкілі берген ақпарат бойынша, биыл барлық өңірлерде «Қазақстанның үздік тауары» байқауының кезеңдері өтіп, оған тауарлары мен қызметтерін ұсынған 669 кәсіпорын қатысқан. Оның ішінде 144 кәсіпорын «Қазақстанның үздік тауары» республикалық байқауының жеңімпазы атанды. Ал марапаттау салтанаты осы жылдың қараша-желтоқсан айында Астанада өтеді.

Қонақжайлылық индустриясы федерациясының президенті Гүлнар Кенеева «меморандум тараптары алға қойған міндеттер біршама сапалы әрі танымал отандық тауарлардың/қызметтердің халықаралық нарықтарда дәріптелуін қамтамасыз етуге, байқаулар беделінің деңгейін көтеруге, Қазақстан кәсіпорындарының халықаралық (ТМД және Еуропа елдері) іскерлік кемелдік және сапа байқауларына шығуына көмектесуге бағытталғанын» атады.

Оның айтуынша, Қонақжайлылық индустриясы федерациясы 2015 жылы Қазақстанның шетелдегі имиджін көтеру мақсатында құрылған. Ұйым қазақстандық брендтерді шетелде көрсете отырып, түрлі көрмелерге, форумдарға, акцияларға қатысады. Көрмелердің бірі 2015 жылғы 31 қазанда қазақстандық 21 отандық өнім брендін «ЭКСПО-Милан» көрмесінде ұсыну болмақшы.

«Біз қазақстандық брендтердің құрылуына және оларды өркендетуге, сонымен қатар отандық тауарлардың жарнамасымен көмектесеміз. Федерация сонымен қатар қазақстандық өнімнің әлемдік сапа стандарттарына сәйкес келуі жөнінен жұмыс жасауда. Өніміміздің сапасын көтеруге тиіспіз. Отандық киімді киіп, жергілікті өнімді сатып алуымыз керек», - деп жалғады сөзін Қонақжайлылық индустриясы федерациясының басшысы.

Федерацияның алғашқы жобаларының бірі «Халық маркасы» жобасы болып табылады. «Қазақстанда жасалған» - Халық маркасы» жобасының басшысы Римма Тәжібаева айтып өткендей, жалпы ұлттық «Халық маркасы» байқауы осы жылдың мамыр айында отандық өндірушіні қолдауға бағытталған «Қазақстанда жасалған» акциясын қолдау үшін бастау алған.

Жобаның мәні ең үздік отандық өндірушілерді халықтың онлайн-дауыс беруімен таңдауда болып отыр. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер