«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ШОБ тарапынан жасалған әрбір белгіге жедел жауап қату

2015 жылғы 07 Қазан
- Ақтөбе облысы
8679 просмотров

Алға ауданында «Бизнес тірегі» жобасы жүзеге асырылуда

Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасының Алға ауданындағы филиалы аудан прокуратурасымен бірге «Бизнес тірегі» жобасын жүзеге асыруда.

Бастамашылар жергілікті кәсіпкерлерге жоба туралы Палата филиалында өткен дөңгелек үстел барысында жеткізді. Іс-шараға қатысушылар жоспарлы және жоспардан тыс тексерістер, олардың заңдылығына қатысты мәселелерді талқыға салды. Шағын және орта бизнес өкілдеріне прокуратура мен Алға ауданы Кәсіпкерлер палатасының бизнесті мемлекеттік органдар іске асыратын негіздемесіз тексерістерден қорғау саласында жүргізіп жатқан жұмысы жайлы ақпарат берілді.

«Тәжірибе көрсетіп отырғандай, заңсыз тексерістер тағайындау және жүргізумен байланысты жағымсыз тенденциялар сақталып отыр. Кәсіпкерлерге тексеріс жүргізудің тексерісті тағайындау туралы акт шығарылып, тіркелуге тиістігі туралы ережелер түсіндірілді. Бұл талаптың заңмен белгіленгенін, және де оны бақылаушы органдардың сақтауға тиіс екенін еске салдық. Сонымен бірге көптеген заңсыз тексерістер прокуратура органдарының көру аясынан тыс қалып жатады. Мемлекеттік органдардың актіні тіркемеуі, не болмаса тексеріс барысында уәкілеттігінің аясынан шығып кету оқиғалары жиі кездеседі. Осы және басқа да құқықтарының көптеген бұзылулары жайлы кәсіпкерлердің өздері ғана ақпарат бере алады», - деп есептейді Палата филиалының заңгері Жандос Қойтілеуов.

«Бизнес тірегі» жобасы ШОБ тарапынан жасалған әрбір белгіге жауап қатуға арналған. Оның көмегімен кәсіпкер өзіне қатысты тексерістің құқықтық статистика және арнайы есеп органдарында тіркелгенінің растығын, өзіне қатысты жоспарлы тексеріс тағайындалуының негізділігін және т.б. анықтай алады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер