«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Тоғыз таңбадан тұратын сомадағы кінәрат-талап

2015 жылғы 07 Қазан
8655 просмотров

Тексерістер нәтижесінде мемлекет қазынасына 7 миллиардтан астам теңге түсті

Қаржы министрлігі Мемлекеттік табыс комитеті мен көлік прокуратурасының қызметкерлері мемлекеттік сыңайлы сектор кәсіпорындары мен олардың контрагенттерінің салық заңнамасын сақтауын тексерді. Тексеріс мемлекеттік кәсіпорындарда, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде, акционерлік қоғамдарда, сонымен бірге, ұлттық басқару холдингтерінде, ұлттық холдингтерде, ұлттық компаниялар мен еншілес компанияларда және басқа да солармен үлестес құрылымдарда өтті.

Көлік саласы кәсіпорындарының мәлімделген айналымдарына жасалған талдаулар нәтижесі бойынша олардың жеткізушілері бойынша іс жүзінде өткізілген тауарлар (жұмыстар, қызметтер) көлемінде ауытқулар анықталды, деп хабарлайды Қазақстанның Бас прокуратурасы. Ақырында Бас көлік прокуратурасының ұсынысы бойынша мемлекеттік бюджетке 7,4 миллиард теңге төлетілді. Ол толық көлемде мемлекеттік бюджетке түсті.

Жанар Сердалина


Еншілес ұйымдар

Серіктестер