Еуразиялық білдек жасау инжинирингтік орталығы Қазақстанда жыл соңына дейін құрылады
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында Кеден одағы Машина жасауды дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің ІІІ отырысы өтті.
«Инноватиканы дамытуға қатысты үлкен блокты бөліп қойдық. Оған бүгін сөз болған тұстарды қостық (машина жасаушылардың III Форумында - авт.еск.) – бұл инжинирингтік қызметтер – білдек жасау жөніндегі орталық. Орталық ашу машина жасау жөніндегі үйлестіру кеңесі аясында да, көптеген формударда да ұзақ уақыттан бері талқыланып келеді. Бақытжан Әбдірұлының мұндай орталықты Қазақстаннан құруды қолдағанына ризашылықпен қарадық, оның үстіне, орталықтың даму тұжырымдамасын даярлап қойдық. Кеңес хаттамасында әрі қарай жедел жылжып, жыл соңына дейін тұжырымдаманы қабылдау және осындай білдек жасау жөніндегі орталықты құру қажеттігін көрсету керек», - деді Еуразиялық экономикалық комиссия өнеркәсіптік саясат департаментінің директоры Владимир Мальцев отырыста сөйлеген сөзінде.
Кездесудің қалған қатысушылары инжинирингтік орталықты Қазақстанда құру қажеттігіне келісті. «Ресейдің уәждемесіз санкцияларға ұшырап отырғанына орай, бір қарағанда, осы жерде мүмкіндіктер терезесі пайда боп келе жатқан сияқты. Бірақ, бір жағынан, осы мүмкіндіктермен тәуекелге бара аламыз ба? Бұның жалғыз кеңістік екенін бәрі де жақсы түсінеді, және де қандай технологиялар болмасын олар бәрібір Белоруське де, Ресейге де таралатын болады», - деп атады Үйлестіру кеңесінің төрағасы Владимир Гутенев.
Қазақстанның Машина жасаушылар одағының басшысы Мейрам Пішембаев өз кезегінде Қазақстанда осындай орталық құруға бар жағдайдың жасалғанын баса көрсетті. «Біз ынтымақтастыққа, талқылауға дайынбыз. Әлеуетіміз жеткілікті, кадрлар баршылық, экономиканы модернизациялау бойынша тәжірибе де бар. Бәріміз бір қайықта отырмыз, және де осы орталықты Қазақстанда ашуға, Ресейдің, Белорустың жасайтын салымына қарай мүдделерді ескеруге дайынбыз», - деді ол.
Қазақстанда Еуразиялық білдек жасау инжинирингтік орталығын құру туралы бүгін ІІІ Машина жасаушылар форумында ҚР вице-премьері Бақытжан Сағынтаев мәлімдегенін атап өту керек.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: