«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Павлодарлық кәсіпкерлерге 17 миллион теңгеден астам сома қайтарылды

2015 жылғы 02 Қазан
- Павлодар облысы
13727 просмотров

ӨКП бизнесмендер құқығын қорғауда көмек көрсетеді

Үстіміздегі жылдың басынан бері Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасына кәсіпкерлерден 174 өтініш келіп түскен. Оның ішінде 56 өтініш – бизнесті қорғау желісі бойынша. өтініштердің 70 пайызға жуығы оң шешімін тапты.

Палата сарапшыларының жәрдемімен 34 түйткілді мәселені шешуге қол жеткізілді. Шағымдардың көп бөлігі жер қатынастары, сәулет, қала құрылысы, табиғи монополия субъектілерімен әрекеттестік саласына қатысты.

Мәселен, Палата атына «Дәрия» ЖШС Екібастұз қаласы мемлекеттік табыс басқармасының заңсыз әкімшілік жауапкершілікке тарту дерегі бойынша өтініші келіп түсті. Палата өтінішті Павлодар облысы Мемлекеттік табыс департаментінің атына жолдады. Қолданылған шаралар нәтижесінде Екібастұз қаласы бойынша мемлекеттік табыс басқармасының қаулысы кәсіпкердің пайдасына күшін жойды.

Кәсіпкер Джавид Аскеров Палатаға тапсырыс берушінің Павлодар қаласы ауруханаларының бірінің мемлекеттік сатып алу туралы шартының талабын сақтамау мәселесі бойынша көмек сұрап жүгінді. Палата сарапшылары жүргізген келіссөздер нәтижесінде тапсырыс беруші жеткізілген сабын-жуғыш заттар үшін қарызын толық көлемде жапты. 

«Жаңа Қала» шаруа қожалығы Палатаға Павлодар облысы ауылшаруашылық басқармасының 10 445 298 теңге сомасындағы негізсіз төленген бюджеттік субсидияны төлету туралы қуынымы бойынша сот процесінде мүддесін таныту туралы өтінішпен жүгінді. Қарау нәтижесі бойынша ауылшаруашылық басқармасының субсидияны төлету туралы талабынан толығымен бас тартылды.

Сегіз айдың ішінде ғана Палата өкілдері 15 азаматтық іс бойынша отырысқа қатысып, оның ішінде 11 іс бойынша 17 миллион теңгеден астам сомаға кәсіпкерлер пайдасына шешім шығарылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер