«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Аудандық бизнес жеңілдікті кредит алады

2015 жылғы 01 Қазан
- Жамбыл облысы
12743 просмотров

Кәсіпкер Асылбек Мамырханов Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасының арқасында Шу қаласында қонақ үй салуға 20 миллион теңге алды.

Шу қаласындағы көтерме-бөлшек сауда дүкені мен жаңа мейрамхана иесі Асылбек Мамырханов Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасының Шу ауданындағы филиалы жанындағы Кәсіпкерлерді қолдау орталығына консультация және практикалық көмек сұрап жүгінді. Бизнесмен қолданыстағы мейрамхана жанына қонақүй салып, осылайша жеке ісін қала қонақтары мен тұрғындарына арналған кешенге айналдырмақшы болады. КҚО-да кәсіпкер идеясын орындау үшін жеңілдікті кредит алуға болатынын естиді.

«Консультанттарымыз консультация беріп қана қоймай, бизнес-жоба жасауға көмектесті, екінші деңгейдегі банктермен келіссөздер жүргізді, кредит үшін құжаттардың толық пакетін даярлауға көмектесті, - деп атады Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалының директоры Рахим Ақботаев. – 20 миллион теңге кредит алған соң біздің жәрдемімізбен «БЖК-2020» Кәсіпкерлікті қолдаудың бірыңғай бағдарламасы бойынша сыйақының пайыздық мөлшерлемесін қосымша субсидиялау мәселесі оң шешімін тапты.  Нәтижесінде кәсіпкер сыйақыны жылдық 4% мөлшерлемесінде төлейді».

Қарыз алынып, құрылыс жұмыстары жүргізілді де, жақында ғана Шу қаласында заманауи, барлық талаптарға жауап беретін қонақүй бой көтерді. Тіпті келушілерге есігін де ашып үлгерді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер