«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Мемлекеттік сатып алуларда «түзетулер» болмай ма?

2015 жылғы 30 Қыркүйек
8651 просмотров

Қазақстанда мемлекеттік тапсырысты бөлу ережелері өзгеруде

Тапсырыс берушілер мемлекеттік сатып алуларға әлеуетті қатысушылар  өтінімдерінің қабылданбау себептеріне растаушы құжаттарды көрсете отырып түсінік беретін болады.

Негізсіз қабылданбаған байқау өтінімдері мәселелерін тапсырыс берушілердің растаушы құжаттарды бере отырып өтінімдерді қабылдамау себептерін егжей-тегжейлі әрі нақты сипаттау міндеттемелерін орнату жолымен шешу ұсынылады. Бұл норма «Мемлекеттік сатып алулар туралы» заң жобасына енгізіліп, оны парламенттің төменгі палатасының алқа отырысында депутаттар мақұлдады. Лауазымды тұлғалардың аталмыш норманы елемегені үшін болатын жауапкершіліктің тым аз көрінетіні де рас – бар-жоғы 10 АЕК (1 АЕК=1982 теңге).

Заң жобасы дайындалған Қаржы министрлігі мемлекеттік сатып алуларда артық көтерілген бағалармен күрес үшін жеткізушілермен шарттарды қатаң түрде электронды форматта жасауды ұсынды. Құжат авторларының пікірінше, е-қатынастарға көшу сатылып алынатын тауарлар, жұмыстар, қызметтер жөніндегі сенімді ақпаратты көруге және олардың орташа сатып алу бағаларын анықтауға көмектеседі. Жалпы, Қаржы министрлігінде заңды үкіметтік нұсқада қабылдаған жағдайда болатын салдарға оптимизммен қарайды. «Осылайша, бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттері прайс-парақтар негізінде емес, веб-порталда қалыптасқан сатып алу бағаларын ескере отырып қалыптасатын болады», - деп түсіндірді қаржы министрі Бақыт Сұлтанов, заң жобасын Мәжіліске таныстыра отырып.

Қаржы министрлігі жобасында ұсынылған басқа да маңызды нормалар арасында байқау құжаттамасын алдын-ала талқылауды атап өтейік. Бақыт Сұлтанов бұл лоттардың техникалық спецификацияларын «біреуге сай түзетулермен» күресуге көмектеседі деп пайымдайды.

Заң жобасында сонымен қатар тендер нәтижелері туралы дау туындаған жағдайда жаңа қағидалар орнатылады. Ол үшін шарт жасасуды шағымды қарау кезеңінде 10 күнге тоқтататын норма ұсынылған. Қазірде сатып алулар қорытындысына шағымдану шарт жасасуды тоқтатпайтынын еске саламыз. Ал бұл жосықсыз тапсырыс берушілердің заңнаманы бұзумен өткізген сатып алуларды іске асыруына мүмкіндік береді.

Мәжілісмендер осы және басқа да жаңалықтарды талқылайды. Palata.kz аталмыш заң жобасы төңірегіндегі жағдайды қадағалауды жалғастырады.

Жанар Сердалина


Еншілес ұйымдар

Серіктестер