«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Студенттік кезден бизнеске баулу

2015 жылғы 29 Қыркүйек
- Ақтөбе облысы
9637 просмотров

Ақтөбе политехникалық колледжі жанындағы «Кәсіпкерлік мектебі» жұмысын бастады.

2015 жылдың басында политехникалық колледжде Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасының жәрдемімен «Кәсіпкерлік мектебі» ашылды.

Бұл өңірдегі инновациялық жобаны жүзеге асырып жатқан алғашқы және әзірше жалғыз оқу орны. Оның негізгі мақсаты – болашақ түлектерге бизнес жүргізуің қыр-сырын үйрету.

Колледж түлектері бірнеше ай бойы кәсіпқой дәріскерлердің және бизнес-тренерлердің, сонымен қатар әрекет жасаушы табысты кәсіпкерлердің дәрістерін тыңдап, сонымен бірге жеке бизнес-жобасымен жұмыс жасады. Жыл қорытындысы бойынша алғашқы 37 жеткіншек «Кәсіпкерлік мектебін» бітіргені туралы сертификаттарға ие болды.

Оқу жылының басында факультатив курсының жаңа тыңдаушылары қабылданды.

«Жоба тиімділігін көрсетті. Білімгерлер жеке іс ашу, бизнес-жоспар жазу жолдарына үйренді, мемлекеттік қолдау құралдарымен танысты.

Биылғы жылы түлектерді қазақ және орыс тілінде білім алушы топтарға бөлдік. Жастарға ұнамды дүниені анықтау үшін, олардың арасында сауалнама жүргізіп, «Мектепке» жеке іс ашуды армандайтындарды, бизнеспен айналысуды қалайтындарды қабылдадық», - дейді ӨКП директорының орынбасары Дәмелі Құнанова.

ӨКП сарапшылары тақырыптық-күнтізбелік жоспарды дайындауға, тәжірибелік оқуды, экскурсиялар, табысты кәсіпкерлермен кездесулер ұйымдастыруға ат салысады.

Кәсіпкерлікті дамыту орталығының бизнес-тренерлері дәріс оқитын болады.

«Балаларды кәсіпкерлік қызметпен айналысуға барынша ынталандыратын боламыз. Біздің міндет – кәсіпкер беделін көтеру, сонымен бірге колледжді аяқтаған соң жұмыс іздемей, жеке іс ашу мүмкіндігі болуы үшін, және де тіпті курстастарына жұмыс орындарын құру үшін, жастар жұмысбастылығы мәселесін шешу», - деп қорытты Дәмелі Құнанова.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер