«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

…Бірақ бизнесмен болуға міндеттісің!

2015 жылғы 28 Қазан
- Ақмола облысы
9970 просмотров

Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасы «Бизнес зертханасы» пилоттық жобасын енгізеді

Пилоттық жоба Ақмола облысында бастау алды. Өңірлік кәсіпкерлер палатасы қаладағы жоғарғы оқу орындарының бірінде Кәсіпкерлік мектебін құруды бастамалады. Бастаманы Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті қолдап отыр.

Көкшетау университетінде «Бизнес зертханасы» теориялық курсынан тұратын арнайы оқу бағдарламасы енгізіліп, оның аясында оқытушылар студенттерге бизнес негіздері бойынша дәрістер циклын оқитын болады.

Өткенде ӨКП алаңында жоғары оқу орны оқытушылары үшін семинар-тренинг өтіп, іс-шара барысында олар Палата сарапшыларынан оқу бағдарламасын енгізу және оқыту бойынша қажет нұсқаулықтар мен әдістемелік материалдар алды.

Бағдарламаның тәжірибелік курсын іске асыруды Палата өз мойнына алады. Өңірлік кәсіпкерлер кеңесі, Іскер әйелдер кеңесі мүшелері болып табылатын бизнесмендер шеберлік сабақтарын өткізеді, жетістік тарихтарын әңгімелеп, іскер байланыстар құру тәжірибесімен және нарықтық қатынастар туралы ақпаратпен бөлісетін болады.

«Бизнес зертханасы» өзекті тақырыптардан тұрады: қаржы және стартапқа арналған қаржылық үлгі, кәсіпкерлік қызметті құру, тіркеу және қайта ұйымдастыру процедурасы, бизнес-жоспарлар құру және көптеген басқалары.

Сабақтар қараша айында басталады. Оқу курсының соңында тыңдаушылар сәйкес сертификаттарға ие болады. Қазірде Палата сарапшылары жоғары оқу орнында «Кәсіпкерлік негіздері» жеке пәнін енгізу жұмыстарын жүргізуде. ӨКП бастамасымен аталмыш пәннің қыркүйек айында Ақмола облысы КжТББ бес оқу орнына енгізілгенін атап өтеміз.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер