«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Салық «рентгеніне» даярланыңыздар

2015 жылғы 23 Қыркүйек
8337 просмотров

Мәжіліс табысты кезең-кезеңмен декларациялауға келісімін берді

Парламенттің төменгі палатасының депутаттары қазақстандықтардың табыстары мен мүліктерін кезең-кезеңмен декларациялауына көшуге алғашқы қадам жасады. Бүгін Мәжілістің алқа отырысында сәйкес заң жобасы мақұлданды.

Қаржы министрі Бақыт Сүлейменов заң жобасын ұсына отырып, қаржы «рентгенінен» алдымен халықтың біршама даяр бөлігі өтетінін еске салды. 2017 жылдан бастап депутаттар, судьялар, мемлекеттік қызметкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары декларациялар толтыратын болады. Заң жобасында сонымен қатар аталмыш тізімге ұлттық компаниялар қызметкерлері мен мемлекеттік кәсіпорындар жұмысшыларын қосу ұсынылған.

Жаппай декларациялау 2020 жылы басталады. Онда барлық кәмелет жасына толған салық төлеушілер өз табыстарын көрсететін болады.

Министр кезеңдер арасындағы үш жылдық кешеуілдетудің бақылау жүйелерін баптау үшін, сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кең көлемді жұмыс жүргізу үшін қажет екенін түсіндірді.

Palata.kz сайтында бұрын хабарланып кеткендей, қазақстандықтарға екі декларация тапсыру міндеті жүктеледі. Біріншісі – активтер мен міндеттемелер туралы декларация, яғни бір рет ұсынылатын «кіріс» декларациясы деуге де болады. Аталмыш декларацияда жеке тұлғалар жинақталған қаражаты мен мүлкі туралы, сонымен бірге шетелдегі мүліктері туралы жыл басындағы кірістер мәліметтерін көрсетеді, сондай-ақ басқа тұлғалар алдындағы қарызын (банктерден басқа) және, керісінше, бар болып жатса, олардың өзіне қарызын көрсетеді. Екінші декларация Жеке тұлғаның табыстары мен мүлкі туралы декларация деп аталады, және де жыл сайын ұсынылып отырады. Қазақстандықтар онда бір жылғы алған табысын, мемлекеттік тіркеуге жататын мүлікті (жылжымайтын мүлік, көлік, бағалы қағаздар, қатысу үлестері және т.б. жайлы сөз болып отыр) сатып алғаны және сатқаны туралы мәліметтерді көрсетуге тиіс болады.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама субъектілері болып табылатын мемлекеттік қызметкерлер, депутаттар, судьялар мен басқа да тұлғалардың кезекті декларацияда жоғарыда аталған мүлікті сатып алуға кеткен шығын көзін де көрсетуі сұралады.

Еңбекақы немесе зейнетақы түріндегі табыс алатындар үшін заң жобасында сауалнама түріндегі және қандай да бір сомадағы мәліметтер көрсетілмейтін кезекті декларацияның қысқаша формасы енгізіледі. «Аталмыш форма 1 парақта болады деп болжануда, және де, біздің есептеуімізше, барлық декларанттардың 2/3 тапсырады», - деді қаржы министрі.

Заң жобасында сонымен қатар жеке тұлғаның әлеуметтік шығыстары бойынша қолданылатын салық шегерімдері үшін негіздемелер кең көрсетіледі. Сонымен, заң жобасында қолданыстағы салық шегерімдерімен бірге міндетті медициналық сақтандыруға, ауырған жағдайда ерікті медициналық сақтандыруды төлеуге, декларант пен оның балаларының оқуына жарналарға қосымша салық шегерімдері айтылған.

Бақыт Сұлтанов сонымен қатар толтырылған декларацияларды Қаржы министрлігі Мемлекеттік табыс комитеті қызметкерлерінің тексеретінін айта кетті. Бірақ бұл тәуекелдерді басқару жүйесінің негізінде жүретін болады. Адал ниетті салық төлеушілерді салықшылар орынсыз мазаламайды деген үміттеміз.

Жанар Cердалина 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер