«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ҰКП жылуға бөлектелген тарифтер енгізуді кідірте тұруды сұрайды

2015 жылғы 18 Қыркүйек
10690 просмотров

«Атамекен» жылумен жабдықтау қызметтері үшін сараланған тарифке көшу туралы шешімнің уақыты келген жоқ деп есептейді

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы осыған орай Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетіне хат жолдады. Онда 2015 жылғы 1 қазаннан бастап жылумен жабдықтау қызметтері үшін сараланған тарифке көшу туралы ақпаратқа байланысты алаңдаушылығын білдіреді.

Монополистердің сараланған тарифтің жылу энергиясы үшін төлем мөлшерін үйге ортақ жылу энергиясын есептеу аспаптары болуына қарай енгізгелі жатқанын атап өтеміз.

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева мемлекеттік органға жүгіне отырып, «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» заңнамаға сәйкес табиғи монополия субъектісінің тұтынушыларға реттелетін коммуналдық қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) есепке алу аспаптарын сатып алуға және орнатып беруге міндетті екенін еске салды. Ол туралы монополистің тұтынушылармен жасалатын шарттарында айтылған.

Оның үстіне, орнатылған үйге ортақ жылуды есептеу аспаптарының құны тарифке қосылатыны хабарланады.

Заң бойынша табиғи монополия субъектісі есептеу аспаптарын сатып алғаны және орнатқаны үшін, аталмыш мәселені уәкілетті органмен келісе отырып, тұтынушылардан ақы алуға құқылы. Ал есептеу аспабын сатып алғаны және орнатқаны үшін ақы тұтынушыға коммуналдық қызметтер үшін төлеуге ұсынылатын төлем құжатында жеке жолда көрсетіледі.

«Есептеу құралдары жоқ тұтынушылар үшін тарифті көтерумен бірге үйге ортақ жылуды есептеу құралдарының болуына қарай сараланған тарифтерді енгізудің уақыты келген жоқ деп есептейміз. Барлық тұтынушылар бірдей үйге ортақ есептеу аспаптарымен жабдықталмаған. Бұл өз кезегінде қоғамдағы әлеуметтік шиеленістің өсуін тудыруы мүмкін», - делінген «Атамекен» ҚР ҰКП үндеуінде.

Ұлттық палатаның пікірінше, энергия үнемдеуді ынталандыруды тұтынушылар арасында есептеу аспаптарын қолданудың экономикалық тиімділігі түсінігін қалыптастыру және оларды орнату жөніндегі бағдарламалар іс-шаралары жолымен жүргізу қажет.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер