«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіпкерлікті қолдау орталығы кәсіпкердің жеңілдікті кредит алуына көмектесті

2015 жылғы 17 Қыркүйек
- Қызылорда облысы
14069 просмотров

Қармақшы ауданының жеке кәсіпкері Темірбек Күзембаев бірнеше жылдан бері отбасылық бизнеспен айналысып келеді. Кәсіпкер басында жергілікті дүкен сөрелеріне шамамен 100-300 нан-тоқаш өнімдерін жеткізіп тұрған. Біртіндеп өнімге деген сұраныс өсіп, ісін кеңейтуге бел буады.

Осыған орай Қызылорда облысы Кәсіпкерлер палатасының Қармақшы аудандық филиалы Кәсіпкерлікті қолдау орталығынан көмек сұрап жүгінеді. Жай ғана кеңес сұрай келген Темірбек бүгінде жан-жақты қолдау көрсеткені үшін орталыққа алғысын айтуда.

Кәсіпкерлікті қолдау орталығының қызметкерлері Темірбек Күзенбаевқа мемлекеттік бағдарламалар бойынша және қаржы институттары арқылы бизнесін кеңейтуге кредитті қалай және қандай шарттармен алуға болатынын егжей-тегжейлі түсіндірді.

Кәсіпкерге сонымен қатар бизнес-жоспар тегін дайындалып, барлық қажет құжаттарды жинап берді. осыдан кейін жоба «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығына қарауға енгізілді. Нәтижесінде Темірбек Өңірлік инвестициялық орталық арқылы алынған 8 млн. теңгеге заманауи жабдық сатып алып, өндіріс көлемін ұлайтып алды.

Қазірде наубайхана қалалықтарды жаңа пісірілген нанымен, жоғары сапалы әрі дәмі тіл үйіретін нан-тоқаш өнімдерімен қуантуда. Нан-тоқаш өнімдері Байқоңыр қаласы, Төретам кенті мен Ақай ауылы тұрғындарының сұранысына ие. Найбайхана күніне 6 мың түрлі тоқаш, бөлке нандар, багет, батон және қара нан пісіреді. 

«Күзембаев» ЖК 7 адамды тұрақты жұмыспен және ауданның әлеуметтік нысандарын нан-тоқаш өнімдерімен қамтамасыз етіп отыр.

Қызылорда облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Руслан Досмаханов атап өткендей, жыл басынан бері КҚО консультанттары 5518 шағын және орта бизнес субъектісіне 11 188 консультация берген. Жобаларды сүйемелдеу және КҚО-ға жүгінген клиенттердің ақтық нәтижеге қол жеткізуі жөнінен - консультанттар 117 жобаға сүйемел көрсеткен (110  (94%) – ауылдық жерден, 7 (6%) - қаладан). Аталмыш жобалар 683,8 млн. теңгеге қаржыландырылған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер