«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қордайдағы жаңа техникалық қызмет көрсету орны

2015 жылғы 17 Қыркүйек
- Жамбыл облысы
13561 просмотров

Кәсіпкерлер палатасының арқасында кәсіпкердің көптен бергі арманы жүзеге асты

Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасы Қордай ауданындағы филиалының жанындағы Кәсіпкерлерді қолдау орталығының консультанттары Жамбыл облысының Қордай ауданында автомектеп, ТҚКС, автожуу және қонақүйден тұратын кешен құрылысының жобасына толық сүйемелдеу көрсетті.

Қордайлық бизнесмен, «Автошкола-Автомир» ЖШС директоры Талғат Нүсіпбаев кәсіпкерлікте үлкен тәжірибеге ие. Масанчи ауылында ол заманауи, барлық талаптарға жауап беретін автомектепті басқарады. Дей тұрғанмен, ол ісін кеңейтуді ойластырып, Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасының Қордай ауданындағы филиалы жанындағы Кәсіпкерлерді қолдау орталығына консультация сұрап жүгінеді. Консультанттарға Қордай ауылында автомектеп қана емес, заманауи үлкен кешенге біріктірілген ТҚКС, автожуу мен қонақүй ашқысы келетінін түсіндіреді.

Кәсіпкер КҚО қызметкерлерінен мемлекеттік бағдарлама бойынша 20 миллион теңге сомасына кредит алуда, бизнес-жоспар құруда және жобасын толық сүйемелдеуде жәрдемдесуді сұрайды.

«Консультанттарымыз барлық түсіндірулер мен нұсқаулықтарды беріп, бизнес-жоспар даярлап берді және екінші деңгейдегі банктермен келіссөздер жүргізді», - дейді Кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалының директоры Ержан Әден. – «Кепілдемелік мүлікті бағалағаннан кейін «Халық банктің» 20 миллион теңге бөлуі туралы мәселе оң шешімін тапты. Біраз уақыт өткен соң кредитінің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялауға жәрдемдестік, сондықтан да кәсіпкер бүгінде жылдық 4% мөлшерлеме бойынша сыйақы төлеп жүр».

КҚО консультанттары сонымен бірге Талғат Нүсіпбаевтың 400 мың теңгеге жуық соманы үнемдеуіне көмектесті. Жұмысқа қабылдаған тәжірибесіз жаңа бухгалтері  380 мың теңге қосымша салық төлеу қажет деп хабарлайды. Бизнесмен барлық есептеулердің дұрыс жүргізілгеніне көз жеткізбекші болып, аудандық КҚО-ға көмек сұрап барады. Орталық консультанты аудандық Мемлекеттік табыс басқармасы маманын тарта отырып, салықты есептеудегі барлық қателіктерді түсіндіріп, едәуір соманы үнемдеп қалуға көмектесті.

«КҚО және аудандық филиалға көрсеткен көмегі мен қолдауы үшін алғыс айтамын», - деп атады Талғат Нүсіпбаев.

Қазір кәсіпкер Қордай ауылында облыс көлемінде кездеспейтін, барлық талаптарға жауап беретін заманауи автодром салып та қойды. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер