«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматы инвесторларды қабылдауда

2015 жылғы 10 Қыркүйек
- Алматы қаласы
9635 просмотров

Түркиялық ірі бизнес Қазақстанның дамуына салым жасауға дайын

Алматы Кәсіпкерлер палатасында Түркияның тәуелсіз өнеркәсіпшілер және бизнесмендер қауымдастығы “MUSIAD” басшысы Джан Кантаглу бастаған делегация болып қайтты.

Қауымдастық басшысы мен “Bosh Siemens” және  “TSEK”  компаниясының өкілі Юфук Гектас Алматы қаласы ӨКП директорының міндетін атқарушы Қайрат Құдайбергенмен түрік бизнесмендерге арналған инвестициялық мүмкіндіктерді талқыға салды.

Джан Кантоглу мен оның түрік әріптестері осындай бизнес үшін қиын уақыттағы өзара ынтымақтастықтың маңыздылығын атады. Джан Куантоглу Қазақстанда бизнеспен көптен бері айналысып жүр және Түркия мен Қазақстан кәсіпкерлері арасындағы өзінше бір «жолсерік» болып табылады.

“Біздің қауымдастыққа 11000 ірі өндіруші кіреді. Олардың арасында Қазақстанға жақсы-жақсы жобаларымен кіргілері келетін инвесторлар баршылық. Олардың барлығы да экономиканың шынайы секторына қатысты болып келеді”, - деп баса көрсетті Джан Кантоглу

Алматы ӨКП директорының міндетін атқарушы Қайрат Құдайберген түркиялық бизнесмендерді Палата жұмысымен таныстырды.

“Сіздердің бастамаларыңызды құптаймыз. Жобаларды сүйемелдеп, мемлекеттік органдармен, соның ішінде әкімдікпен кездесулер ұйымдастыруға дайынбыз. Инвесторларды Алматы Арнайы экономикалық аймағындағы индустриялық жобалар қызықтыруы мүмкін”, - деді Қайрат Құдайберген.

Осыдан кейін Расим Йилмаз өз компаниясының жоспарлары жайлы сөз етті.

“TSEK” стандарттаумен және сертификаттаумен айналысады. Құны шамамен 10 млн доллар тұратын кез-келген түрдегі және қиындықтағы сынақтар бойынша замануи зертхана салу жобасы бар”, - деп хабарлады Расим Йилмаз.

“Қыркүйек айының соңында Түркия экономика министрінің Қазақстанға сапары жоспарланып отыр. Елбасымыздың да келуі мүмкін. Онымен бірге түрік Бизнес қоғамдастығының ірі өкілдері де келеді. Бірқатар кездесулер, соның ішінде Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешевпен кездесу өткізбекшіміз”, - деп ақпарат берді Джан Кантоглу.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер