«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бұл мысал басқаға үлгі

2015 жылғы 07 Қыркүйек
- Ақмола облысы
10157 просмотров

Мемлекеттік қолдау шаралары шағын және орта бизнесті дамыту ісіне қызмет етуде

Кәсіпкерлердің бизнес-идеяларын жүзеге асыру кезінде ұшырасатын ең толғақты мәселелерінің бірі — қаржылай қаражат іздеу. Ең алдымен ойға келетіні — кредит. Алайда кредитті барлығы бірдей қалыптасқан қаржылай жағдайды қиындатпай, пайдалы шарттармен ала бермейді.

Бірақ шешім бар — ол мемлекеттік қолдау шаралары. «Бизнестің жол картасы-2020», «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020», «Агробизнес» және басқалары сияқты мемлекеттік бағдарламалар әрекет етіп келе жатқанына біраз жыл боп қалды, бірақ тәжірибе көрсетіп отырғандай, қалаулы қарызды алудың шарттары туралы ақпараттан барлығы бірдей толық көлемде хабардар емес. Кәсіпкерлер палатасы дәл осы және басқа да көптеген мәселелерде кез келген кәсіпкерлік бастамасы бар жанға көмектесуге дайын.

Мәселен, өткен айда ӨКП Атбасар филиалындағы сарапшылар аудандағы үш бастамашыл тұрғынға бірдей бизнес-идеяларын іске асыруға көмектесті. Алдымен ӨКП филиалына көмек сұрап жүгінгендердің барлығын бір топқа жинап алып, консультанттар мемлекеттік бағдарламалар шарттары мен мүмкіндіктері бойынша ақпараттық көмек көрсетті. Арманды жүзеге асырудағы тағы бір кезең «Бизнес-кеңесші» бағдарламасының аясында оқу өткізген ӨКП бизнес-тренерлері өз ролін адал атқарды. Ал осыдан сәл кейін Палата консультанттары тілек білдіргендерге бизнес-жоспар дайындап, жазуға, құжаттар жинап, даярлауға көмектесті. Ақырында осындай өнімді жұмыс нәтижесі: бақытты жандар кәсіпкерлік бастамаларын жүзеге асыруға ақшалай қаражатқа ие болды.

Мәселен, Өңірлік үйлестіру кеңесі Анастасия Новактың субсидиялау мәселесі жөніндегі өтінімін мақұлдады. Жеке кәсіпкер Атбасар қаласындағы бос тұрған ғимаратты қайта қалпына келтіру үшін «БЖК-2020» аясында 10 миллион теңге алды. Ісін бастаушы бизнесвумен балалардың ойын-сауық орталығын ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» оның жерлесі Амангелді Ізбастеновке сүт-тауарлы ферманы ұйымдастыруға үш миллион теңге берді. Дәл осы қаржы институтынан тағы бір үш миллион теңгелік қарызды құс шаруашылығын дамытуға келесі кәсіпкер Зула Сатаева алды. 

Идеяларын іске асыруға берген тегін көмегі үшін Кәсіпкерлер палатасы жайлы ризашылықты пікірлерін білдіріскен аталған адамдардың жетістігі басқа жандар үшін де ерекше үлгі болары анық.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер