«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ораманы қайта циклге жіберу: жақтаушылар мен қарсы жақ

2015 жылғы 28 Тамыз
10815 просмотров

Өндірушілер ораманы кәдеге жаратуға ақы төлей ме?

«Атамекен» ҚР ҰКП Өңдеу өнеркәсібі комитеті Орама индустриясы кіші комитетінің үшінші отырысында осы тақырып талқыға түсті.

ҰКП АӨК Комитеті Хатшылығының орынбасары Мырзахмет Өксікбаев атап өткендей, тамақ өнеркәсібінде орама индустриясынсыз іс бітпейді. «Агробизнес-2020» бағдарламасында бұл сала басымдылық алмаған. Мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына кіргізілген, алайда, сарапшылардың айтуынша, аталмыш индустрияда талдау жүргізілмеген.

«АӨК үшін бұл пайдалы болады, себебі аграрийлер өнімі экмпортқа бағдарланған. Жақсы орамасыз біздің тауар сатылмайды. Бірақ, орама индустриясының қай бағдарламаға кіретініне қарамастан, аталмыш саланы қолдаудың нақты шараларын пысықтау керек», - деп атады Мырзахмет Өксікбаев.

ҚР ҰКП Өңдеу саласы комитеті Хатшылығының орынбасары Батырбек Әубәкіров өз кезегінде Парламент Мәжілісінің қарауында жатқан «Агробизнес-2020» бағдарламасына Хатшылық орама саласын да қосқанын атады.

Кәдеге жарату алымын төлеу мәселесі де қозғалды. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және жасыл технология хатшылығының басшысы Әділ Мергенбаевтың айтуынша, «Жасыл экономика туралы» заң жобасының аясында «өндірушінің жауапкершілігін кеңейту» деген жаңа термин енгізілуде. Оған сәйкес өндірушіден өндірістік қалдық (пайдаланылған орама) үшін кәдеге жарату алымы өндірілетін болады.

«Бұл алымды автомобиль және тамақ саласында енгізу көзделіп отыр. Заң жобасы қазірде Парламент Мәжілісінде жатыр. Бұл мәселедегі ҰКП ұстанымы: кәдеге жарату алымын ораушылар мен ыдысты шығарушылар емес, соңғы пайдаланушылар жасауға тиіс, және де бұл отандық әрі шетелдік өндірушілерге де қатысты», - деді Әділ Мергенбаев.

Сарапшы сонымен бірге кәдеге жарату алымын төлейтін өндірушілерге мемлекет шығыстарының орнын толтыруға субсидия бөлетінін айтып өтті. Әзірше кәдеге жарату алымын төлеуге автомобиль саласында жұмыс жасап жүргендер міндеттелуде. «Азық-түлікшілерге» 2018 жылға дейін жеңілдік беріледі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер