«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Утилизациялық алым: «Атамекен» конструктивті шешімді қолдайды

2019 жылғы 16 Тамыз
8597 просмотров

Отандық кәсіпорындар өндіретін ауыл шаруашылық техникаға утилизациялық алымды енгізу қажет

«Атамекен» өкілдері бұл ымараға келген шешім, әр оны жүзеге асыру қажет шара деп санайды. Осы ретте тараптың әрқайсысы өздеріне міндеттер алу керек: өнеркәсіп – орналастыру үлесін арттырып, сапаны жақсарту керек, ал шаруалар – отандық техникаға кепілдендірілген сұранысты қамтамасыз етуі қажет.

 Шаруалардың дәйектері қандай?

ҰКП Агроөнеркәсіптік кешен және тамақ өнеркәсібі департаментінің директоры Ербол Есенеевтің айтуынша, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ұсынған нұсқада утилизациялық алымды енгізу – импортты техниканың 10%-ға қымбаттауына әкеп соғады, оның салдары тұтынушы қалтасына ауыр тиеді.

 «Шаруаның техниканы алуда таңдауы болуы керек. Оның үстіне біз егістік алқаптарын әртараптандырып жатырмыз: Қазақстан тарихында зығыр, бұршақ тұқымдастар, майлы дақылдарды егу бойынша мұндай көлемде егістіктер болған емес, солтүстік аймақтарда соя егілмеген, бұл бәсекеге қабілетті болуға итермелейтін әлемдік трендтер. Мұның бәріне өнімділігі жоғары импортты техника керек, мұндай техника бізде жоқ», – деді ол.

 Спикердің айтуынша, утилизациялық алымды «экологиялық алым» деп атаса да, бұл алымды ауыл шаруашылығы техникасының ішкі нарығын қорғау бойынша әдіс ретінде қарастырады. Фермерлердің көбі импортты техниканы қолдану арқылы өндірістік технологиялық процесін жолға қойған, және отандық техникаға (өнімділігі төмен) өту үшін кәсіпкер қосымша шығындалуы керек: механизаторларды қосымша жалдау, уақыт пен өнім сапасын жоғалту орын алады.

 Осы ретте шағын шаруашылықтар отандық комбайндар мен тракторларды қолданады, отандық өнім арзандау және техниканың «ат күші» шағын алқаптар үшін жеткілікті.

 «Шаруаны таңдау жасауда шектеуге болмайтынын түсініп отырмыз, отандық ауыл шаруашылығы машина жасаушыларды басқа әдіспен қолдау керек. Оларға жеңілдікпен несие мен преференциялар беру керек. Олар ауыл шаруашылығы дамуына өзіндік үлес қосып жатыр. Отандық машина жасаушыларға ары қарай дамуға және шығарылатын тракторлармен комбайндарға  орналастыру үлесін ұлғайту үшін  жеңілдікпен несие беру мәселенің шешімі бола алады. Бұдан бөлек, отандық  техникаға  инвестициялық субсидиялар нормативтерін ұлғайтуды қарастыру қажет», – деді Ербол Есенеев.

Департаментте талдау негізінде шешім қабылдау ұсынылуда, бұл құралды айналымға кезең-кезеңмен, эволюциялық жолмен енгізу көзделген.

«Біз қандай деңгейде тұрмыз, 5-10 жылдан кейін не істегіміз келетінін талдап алуымыз керек. Оның үстіне Елбасының ауыл шаруашылығында еңбек өнміділігін 2,5 есе  арттыру бойынша тапсырмасы болды (...) Біздің айтпағымыз: бұған кезең-кезеңмен жүрейік. Құнынан 10% деген не, бұл сан, есептеу қайдан шықты? Сала өте сезімтал, мемлекет тарапынан кез келген ойластырылмаған әрекет теріс салдарға әкеледі», – деді спикер.

 Бұдан бөлек, заңнамалық деңгейде өндірушілер мен ресми дилерлерге қызмет көрсетудің нақты өлшемдерін белгілеу қажет болатын уақыт жетті, өйткені жұмыс науқаны кезінде қажетті бөлшектерді жеткізу көп уақыт алады және егу мен өнімді ору мерзіміне кері әсерін тигізетіні жасырын емес. Шаруалар әр өңірде жеке сервис орталығы және қажетті бөлшектер қоймасының болуын талап етуде.

 Машина жасаушылар не дейді?

«Атамекен» ҚР ҰКП Өңдеу өнеркәсібі департаментінің директоры Арман Мәмбетаев ауыл шаруашылығы техникасын және аспалы жабдықты  өндіретін 20-дан астам компанияның мүддесін білдіре отырып, утилизациялық алымды енгізу мәселесі бернеше жыл көтеріліп келе жатқанын айтты.

Былтыр «Атамекен» алаңында бұл шара келешекте 2019 жылдың ортасына енгізіледі деген келісім болған. Және ауыл шаруашылығы өндірушілерінің тәуекелдерін болдыртпау үшін отандық техникаға инвестициялық субсидиялар нормативін 25-тен 35%-ға ұлғайту, ескі техниканы өткізу үшін 3 млн теңгеге дейін жеңілдік сертификаттарын енгізу, техниканы жеңілдікпен лизингке беру ережелерін жақсартуды қарастыру ұсынылған. Бұл отандық техниканы сатып алуда қосымша ынталандыру болмақ.

Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығын өндіруішлер орналастыру деңгейін көтеру, сапа стандарттарын ұстану және сервистік қызметтерді дамыту мәселелерін көтерген болатын.

«Бұл мәселелер белгілі бір деңгейде жүзеге асырылды. Субсидиялау бар, жеңілдік несиелер енгізілді, Қазақстан даму банкінен ауыл шаруашылығын жеңілдікпен лизингке беру іске қосылды, өндірушілеріміздің сервистік желісі даму үстінде, Өнеркәсіптік жинау туралы келісім шеңберінде өндірушілер орналастыруды жыл сайын ұлғайту бойынша міндеттемелерді алды. Машина жасаушылар дамып жатыр, клиенттері – ауыл шаруашылығы өндірушілердің қажеттіліктеріне қарай өнім тізбегін кеңейтуде», –деді Арман Мәмбетаев.

 Оның айтуынша, соңғы жартыжылда техниканы өндіруде 25%-ға өсу бар. Аграрлы өңірлер – Қостанай облысы мен Ақмола облысы көш бастап тұр.

 Отандық ауыл шаруашылық машина жасауды ары қарай дамыту үшін өндірістің орналасуын арттыру үшін жеңілдікпен несиелер берілуі керек. Шамамен 20 млрд теңгені 5-7 жылға беру туралы айтылып отыр.

 «Соның негізінде 2018 жылы басталған мәселе өзінің қисынды шешіміне – утилизациялық алымды енгізуге келді, бірақ талқылаулар шеңберінде ауыл шаруашылығы өндірушілер арасында пікірлер екіге бөлінді», – дейді Арман Мәмбетаев.

 Оның айтуынша, бұл жаңашылдықтың енгізілуіне негізінен қымбат тұратын импортты техниканы алғуға мүдделілер қарсы болған. Шағын шаруашылықтарға отандық техниканы қолдану тиімді.

 Дилерлердің ақпараты бойынша 2017-2018 жылдар аралығында Қазақстанға Jhon Deere және Class брендтерінің  259 комбайны мен 199 тракторы импортталған. Осы ретте ауыл шаруашылығын өндірушілер отандық өндірістен 577 комбайн және 615 трактор сатып алған.

 «Jhon Deere техникасын әркім сатып ала алмайды, негізінен оны ірі кәсіпорныдардың шектеулі саны ғана сатып ала алады. Осы ретте 5-7% мөлшерлеме туралы айтылып отыр. Қалған басым бөлігі – отандық техниканы сатып алады», – деді Арман Мәмбетаев.

 Спикер утилизациялық алымды қабылдау  нарыққа жаһандық ойыншылар – машина жасаушылардың кіру процесін тездетер еді деп атап өтті. Оған мысал ретінде Class компаниясын келтіруге болады, аталмыш компаниямен келіссөздер жүргізілуде.

 Отандық техниканың артықшылығы – қолжетімділігінде, қосалқы бөлшектерінің болуында. Импорттық өнімде қосалқы бөлшекті алдырту қиын, бөлшекті күту бір айға дейін созылып кетуі мүмкін», – деп хабарлады ол.

 Сонымен қатар, ауылшаруашылық машина жасаушылар технологияны жақсарту туралы ойлануы керек: автоматты жүргізу жүйелері, құжаттама, заттарды тұтыну мөлшерінің өзгеруі, жабдықтың сенімділігін арттыру қажет.

 «Ауыл шаруашылығы өндірушілер ақшамен дауыс береді – ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілер олардың қажеттіліктеріне бейімделуі, аграрлық сектордың дамуына ықпал етуі керек. Бұл шара ауыл шаруашылығында да, машина жасауда да мультипликативтік әсерге қол жеткізуге мүмкіндік береді», – деді Арман Мәмбетаев.

 Комитет мүшелері: тракторлар мен комбайндарға утилизациялық алымды Қазақстан аумағында шығарылатын және олардың өзара ауысатын баламаларына ғана  енгізілу керек деген ортақ позицияны шығармақ.

 Бұл қисынды шешім. Өндірушілеріміздің техникалық мүмкіндіктері шектеулі, біз шығармайтын техника бойынша кедергі жасаудың мәні жоқ.

 Нәтижесінде, тиімділікті бәрі көреді. Кепілдендірілген өткізуді қамтамасыз ету арқылы ауыл шаруашылық машина жасаушылар техника өндірісін ұлғайту және өнім тізбегін бірнеше рет кеңейтуге мүмкіндік алады. Шаруалар тракторлар мен комбайндарды тиімді бағада, жолға қойылған сервиспен сатып ала алады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер