«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қытай пакеттері қажет емес!

2015 жылғы 28 Тамыз
9669 просмотров

Қазақстандық полипропилен өнімдерін өндірушілер денсаулыққа зиян қытайлық аналогтар контрабандасын және импортты шектеуді сұрайды

«Astra Polimer» ЖШС директоры Гүлден Үрістемова бұл туралы «Атамекен» ҚР ҰКП Өңдеу өнеркәсібі комитеті Орама индустриясы кіші комитетінің 3 отырысында мәлімдеді.

Оның айтуынша, бүгінде Қытай тарапынан полиэтилен орама демпингінен ішкі нарықты қорғау шараларын қолдану қажеттілігі пісіп-жетілген. Мәселе соңғы кездері улы заттарды қолданумен жасалатын қытайлық арзан полипропилен қапшықтар ағыны артқандығында болып отыр. Ал қытайлық қапшықтар тамақ өнімдерімен байланысқа түсетіндіктен және сапа мен қауіпсіздік талаптарына сәйкестік сертификаттау процедурасынан үнемі өте бермейтіндіктен (контрабанда жолымен жеткізілу салдарынан), Қазақстан азаматтарының өмірі мен денсаулығына әлеуетті қауіп жоқ емес.

Ал дәл осындай тамақ өнімдері мен техникалық нысандағы тауарларға арналған полипропилен қапшықтарды қазақстандық «Astra Polimer» ЖШС шығарады. Сонымен бірге мұнда оларды өндіруде тек бастапқы (улы емес) полипропилен ғана қолданылады. Кәсіпорындар қуаттылығы олардың жылына 10 млн дана шығаруына мүмкіндік береді. Алайда өнім өтуі әлсіз боғландықтан, бүгінде оның жүктемесі 30% ғана құрайды.

Компания өкілі атап өткендей, олардың өнімі ерекше физикалық-химиялық қасиетке ие, оралған тауардың артық жүктелуіне 5-6 есеге дейін төзеді, ал ұнды алыс шетелге экспорттау кезінде тамақ өнімдерін орауға арналған санитарлық нормаларға сәйкес келеді, улы исі жоқ.

«2014 жылғы күзге дейін клиенттер өнімімізді сатып алып тұрды, бірақ ресейлік оралған тауарлардың көптеп келуіне орай, олардың көпшілігі арзан әрі сапасыз қытай өніміне көшіп кетті. Қазір қазақстандық полипропилен қаптар нарығында тұтыну көлемінің 60%-дан астамы дерлік Қытайдан келетін импорт есебінен қамтамасыз етілетін жағдай қалыптасып отыр», - дейді «Astra Polimer» ЖШС директоры Гүлден Үрістемова.

Оның айтуынша, қытайлық полипропилен қапшықтары қайталама шикізаттар жасалуымен қауіпті.

«Үрімші қаласындағы бірнеше қытай өндірушілерінде болып қайттық, ондағы эструдер бункерінде бастапқы шикізаттан бір грамм да көрген жоқпыз. Олар ақ полипропилен мата алу үшін түрлі химикаттар қосады, флексографиялық және терең мөр басу кезінде бутил спиртін қолданумен толуол негізіндегі бояларды қолданады. Толуол ЕО, АҚШ және т.б. елдерде азық-түлік тауарларына қолдануға тыйым салынған, тек Қытай мен Үндістанда рұқсат етілген. Осының салдарынан қытайлық полипропилен қапшықтар улы заттардан тұрады, әлсіз және исі жағымсыз. Бірақ, бұған қарамастан, біздің тұтынушылар Қазақстан халқының денсаулығын және қоршаған ортаға тиетін әсерін ойланбастан, ақшаны үнемдеуге тырысады», - деп атады ЖШС басшысы.

Егер отандық тауар өндірушілер қапшықты қазақстандық өндірушіден ғана сатып алса, бұл компанияның толық өндірістік қуаттылықпен жұмыс жасауына, жұмыс орындары санының артуына сеп болар еді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер