«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнес ЕАЭО-ның ішкі нарығындағы кедергілер жайында сөз қозғайды

2017 жылғы 08 Ақпан
7564 просмотров

«Атамекен» отандық кәсіпкерлерді ЕАЭО-ның ішкі нарығына қатысты пікір білдіруге шақырады

16 ақпан күні «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Еуразиялық экономикалық комиссиямен бірлесіп, «ЕАЭО-ның ішкі нарығындағы кедергілерді анықтауда бизнес-қоғамдастықтардың қатысуы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді.

Бүгінде Еуразиялық экономикалық одақтың бизнес-қоғамдастықтарына бірыңғай тауар нарығын, қызметтерді, капитал мен жұмыс күшін беретін бар әлеуеті мен мүмкіндіктерін толық қолдануға мүмкіншілік бермейтін кедергілер өте көп. 

Осыған орай, кедергілерді, алып тастаулар мен шектеулерді анықтау және жою мақсатында «Атамекен» ҚР ҰКП алаңында 16 ақпан күні сағат 11-00-де («Түркістан» мәжіліс залы) Басқарма төрағасының орынбасары Дана Жүнісованың басқаруымен, Еуразиялық экономикалық комиссияның ішкі нарық, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технология бойынша Алқа мүшесі Карина Минасянның қатысуымен және Қазақстан Республикасы бизнес-қоғамдастығымен бірге «ЕАЭО-ның ішкі нарығындағы кедергілерді анықтауда бизнес-қоғамдастықтардың қатысуы» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.

Ең алдымен кәсіпкерлік ортаға арналған алаңда «Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығының жұмыс істеу» ақпараттық қорының таныстырылымы өтеді.

Дөңгелек үстел ЕАЭО-ның ішкі нарығындағы кедергілерді жоюдың шешімін анықтау және талқылау бойынша Комиссия жұмысының негізгі мәселелерін талқылауға арналған тиімді алаңға айналады, сондай-ақ Комиссия мен ҚР бизнес-қоғамдастығы арасында сындарлы диалог орнатуға мүмкіндік береді.   

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша таныстырылымдық және мәтіндік материал Палатаның www.palata.kz ресми интернет-ресурсында көпшілікке назарына ұсынылады, алайда, отандық бизнестің тікелей қатысуы бірден түпкілікті ақпарат алуға мүмкіншілік жасайды.

Осыған орай «Атамекен» ҚР ҰКП отандық кәсіпкерлерді дөңгелек үстел отырысына қатысуға шақырады. Кандидатураларды a.danishev@palata.kz (тел. 8 (7172) 919 – 373)  электронды адреске жолдауды немесе видео-байланыс конференциясына қатысу үшін Палатаның өңірлік бөлімдеріне хабарласуды сұраймыз.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер