«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Табыс кілті – Өңірлік карта

2015 жылғы 28 Тамыз
- Алматы қаласы
11143 просмотров

Алматыда өндірістерді орналастырудың Өңірлік картасын қалыптастыру мәселесі талқыланды

Кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік картасы жаңа өндірістерді, және де жаңа салаларды да болуы мүмкін, дамыту және ашу үшін өңірлердің мамандану ерекшеліктерін анықтауға көмектеседі.

Қазақстанның ең ірі мегаполисі қалай және қандай бағытта дамығаны дұрыс? Қайда, жағымды әрі жағымсыз тұсы қандай? Алматы Кәсіпкерлер палатасында осы және басқа да мәселелер қызу талқыға түсті. Ашық сұхбат формасында өткен жиналысқа Бизнес, мемлекеттік органдар, «Инвестициялардың рентабельділігін зерттеу агенттігі», «Kaznex Invest» АҚ және «Даму» Қоры өкілдері қатысты.

Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің мүшесі, Қазақстандық Құрылыс материалдары өнеркәсібі қауымдастығының президенті Марал Томпиевтың пікірінше, Картаның басты мақсаты: белгілі бір өңірде экономиканың қай саласын, қандай өндірісті дамытқан дұрыс – деген сұраққа жауап табу.

«Шағын, орта немесе ірі бизнес болсын, кәсіпкердің ағымдағы қажеттіліктері осы картада көрінуге тиіс. Оған өңірді жүйелік талдау, сонымен қатар бизнес-климатты жақсарту жөніндегі нақты іс-шаралар мен жаңа өткізу нарықтарын іздеу жоспары негізінде жасалған келешегі бар инвестициялық жобалар қоржыны кіреді», - деп ақпараттандырды Марал Томпиев.

Карта әкімдіктерге инфрақұрылымды дамытуға бағытталған бюджет қаражатын жоспарлауға бағдар қызметін атқаруға тиіс, ал қаржы институттарына түрлі жобаларды қаржыландыру кезінде оның пайдасы тиеді.

Әлеуетті инвесторларға Карта – ықтимал первпективаларда, инвестициялар салуда және жаңа өндірістік қуаттылықтарды ашуда жақсы бағдар.

«Инвестициялардың рентабельділігін зерттеу агенттігі» АҚ директорының орынбасары Әнуар Боранбаев Кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік картасы қалай жұмыс жасайтынын түсіндірді.

«Карта кезекті мемлекеттік бағдарлама емес. Карта – олардың барлығын өңірге «қондыру» жөніндегі тәжірибелік жұмыс. Барлығымызға да нақты өңірді дамыту үшін мемлекеттік бағдарламалар беретін құралдар мен мүмкіндіктерді қалай пайдалану керектігін түсіну қажет. Анығын айтайық – нарықта коммерциялық ресурстар аз», - деп атады Әнуар Боранбаев.

Оның пікірінше, мемлекеттік бағдарламаларда көп дүние қандай да бір өңірдегі әкімнің беделіне тәуелді болды. Осыдан келіп, қандай да бір ауытқулар байқалды.

«Шын мәнісінде Қазақстанда үш шыны, бес цемент зауытын құру жоспарланып отыр, дегенмен елімізде он екі цемент зауыты бар екен», - деп бөлісті Әнуар Боранбаев.

Марал Томпиев өнімнің жекелеген түріндегі нарық субъектілері арасындағы бәсекелестік олардың күш алуына әкеледі деп есептейді. Осыдан кейін өнімнің артығы экспортқа шығады. Ол мысал ретінде испандық Кастельон қаласын келтірді. Онда басында керамика тақталарын өндіретін бірнеше зауыт болған екен. Ал қазір үш жүзге жетіпті.

«Қазақстан нарығымен ғана шектеліп қалуға болмайды. Ол өте тар. Экспортқа бағдарлануды ескере отырып, өндірістің келешегі бар бағыттарын беру керек», - дейді Марал Томпиев. - «Егер цементшілеріміз жайлы айтар болсақ, олар соңғы бес жылда импортшылардан экспортшыға айналып кетті».

Марал Томпиев Алматыға қатысты мегаполистің солтүстік бөлігін кеңейтіп, жақсы жолдар салу керек деп санайды.

«Бәрі де өз қолымызда. Жергілікті билік бизнестің қажеттілігін қанағаттандырып үлгермейтін болып шықты», - деп баса көрсетті Марал Томпиев.

«Kaznex Invest» компаниясының өкілі Сәуле Ахметова мемлекет бизнестің немен айналысу керектігін нұсқаудың орнына, оған жағдай жасауға тиіс деген ой айтты.

«Кәсіпорындарда болып қайттық, барлық түйткілдерді талдап, олар үшін бірінші орында ақша мәселесе емес, ақпараттың жоқтығы тұрғанын анықтадық. Екінші орында – кадрлар жетіспеушілігі», - дейді Сәуле Ахметова.

Ол ішкі нарықты талдау сияқты ақпараттың да жоқтығына назаланды.

«Өңірлік карта аталмыш өңірде қандай ақпарат қажет екенін және қандай дағдыларды дамыту керектігіне иекемделуге тиіс», - деп есептейді «Kaznex Invest» өкілі.

«Біздің кәсіпорындар өзіміздің нарықта да бәсекелесе алмайды. Оларға экспортқа шығуды ұсынғанда, олар, «Бізге экспорттың қажеті қанша? Бізге іші де жетеді», - дейді. Іште экспортшымен бәсекелесіп жүрсіңдер деймін. Нақты нарықта нақты тауар сатпайынша бәсекелес болуға болмайды. Экспортқа шақпайынша, өніміңнің сұралатын-сұралмайтынын түсінбейсің», - деп атады Сәуле Ахметова.

Марал Томпиев кездесуді қорытындылай келе, бірлескен жұмыстың нәтижесі Өңірлік даму картасының электронды нұсқасы болатынын атады. Кез-келген кәсіпкер сонда кіріп, келешегі бар бағыттарды көре алады. «Әрине, бұл догма емес. Екі жылдан кейін жағдай өзгеруі мүмкін және Карта өз мағынасынан айрылуы мүмкін. Бірақ қазірде одан артығы жоқ», - деп есептейді Марал Томпиев.

Оның айтуынша, толық талдамалық шолу, салалар бойынша өңірдің экономикалық деректері, инфрақұрылым, адами капитал, қаржыландыруға қолжетімділік, даму бағдарламалары, мемлекеттік қолдау және әлеуетті өткізу нарықтары жинақталады.

«Картада бизнестің келешегі бар даму бағыттары берілген Қазақстан Республикасының барлық 16 өңірі жазылады. Әкімдіктер мен қаржы институттарының барлық жобалық бастамалары ескеріледі. Аталмыш Карта көпшіліктің қолдауына ие болып, «Бизнестің жол картасын» жасауда есепке алынады деп ойлаймын», - деді қорыта келіп Марал Томпиев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер