«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Абылай Мырзахметов: «Тұтынушылық себеттегі импорттың орнын алмастыруды қамтамасыз ету қажет»

2015 жылғы 24 Тамыз
9524 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының айтуынша, бүгінде тұтынушылар себетінің 50%-н импорт құрайды

«Импорттың орнын толтыру жағынан салмақты жұмыс жүргізуіміз қажет, бірақ бәріне бірдей емес, тұтынушылар себетін. Бұл барлық сәйкес министрліктердің KPI ретінде болуға тиіс. Жыл сайын мониторинг өткізіп тұру қажет, оның еш қиындығы жоқ. Тұтынушылар себеті 60%-ға азық-түлік тауарларынан тұрады. Оның ішінде 43 жайғасым – бұл нан, ұн, күріш, қарақұмық, ет және тағы басқалары және 40% – бұл тарифтер», - деді Абылай Мырзахметов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. 

Абылай Мырзахметовтың айтуынша, бүгінде азық-түлік себетінің 50%-ы импорттық өнімдерден тұрады. «Осы 43 жайғасым бойынша мақсатты түрде импорттың орнын толтыруды қамтамасыз ету қажет, ал ол үшін бізде барлық жағдай бар», - деп баса айтты ол.

ҰКП басшысы журналистердің теңге бағамы түзетілгеннен кейін тауарлар мен өнімдер бағасының көтерілуі жайлы сұрағына жауап берді.

"Импорт бар жерде баға өсімі де болатыны түсінікті. Бұл анық, себебі импортшылар валюта құнын тауар бағасына аударады. Бірақ біз Ұлттық экономика министрлігімен мәлімдеме даярлағанда, әлеуметтік жауапкершілік көрсету керектігі жайлы айтқан едік, себебі импортшылардың ескі бағаммен сатылып алынған белгілі бір қоймалық қоры бар. Содан келесі күні олар бағаны көтере отырып, жылдам ақша табуға тырысқанда, бұған әлеуметтік жауапкершілік тұрғысынан жол беруге болмайды деп ойлаймын», - деп жауап берді Ұлттық палата Басқарма Төрағасы. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер