Өз орныңды тап!
КҚО қолдауымен Мәртүк ауданы Қаратоғай ауылында алғашқы шаштараз пайда болды
Қаратоғай ауылы аудан орталығы Мәртүктен 26 шақырым жерде орналасқан. Бұрындары ауыл тұрғындары шашын қиғызу үшін Мәртүкке баруға мәжбүр болушы еді. Жас кәсіпкер Ерлан Тобағабылов осы тауашаны игеріп, туған ауылында шаштараз ашуға шешім қабылдайды.
«Былтыр үйімнің ауласында 40 шаршы метр ауданды алатын үй-жай құрылысын бастаған едім. Аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы жұбайыммен бірге Ақтөбе қаласында қысқа мерзімдік шаштараздыққа оқыту курсынан өттік. Істің азы ғана – қаражат жағы қалып еді. Істі бастауға ақша жетпеді», - деді palata.kz-ке Ерлан.
Содан жас кәсіпкер Мәртүк ауданы Кәсіпкерлікті қолдау орталығына келеді. Консультанттар оны бірден ісін бастаушы және әрекеттегі кәсіпкерлерді оқытуға арналған «Бизнес-кеңесші» курсы тізіміне қосады.
КҚО қызметкерлері ісін бастаушы кәсіпкерге идеяны «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ жеңілдікті кредиттері көмегімен іске асыруға болатынын айтып қоймай, «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша қарыз алу үшін құжаттар жинауға көмектеседі.
Күтілгендей, Қор Ерлан Тобағабыловтың өтінімін қарап, оны мақұлдап, 1 миллион теңге береді. Ерлан осы қаражатқа шаштаразды барлық қажет жабдықтармен және жиһазбен жабдықтайды. Қазір «Айдана» шаштаразы клиенттер қабылдап жатыр.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: