Ветеринарлық-санитарлық сараптау: кеңестік жүйеге қайтып ораламыз ба?
Мемлекеттік құрылымдар ветеринарлық-санитарлық сараптау функциясын өздеріне қайтарып алмақшы. «Атамекен» - оған қарсы!
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының пікірінше, функцияны беру мемлекетіміздің идеологиясы мен ел Президентінің бағытына қайшы келеді. 12 тамызда «Атамекен» ҰКП Сауда комитеті Хатшылығының бастамасымен өткен аймақтық жиналыста осындай ұстаным айтылды. Жиналысқа ҚР Ауыл шаруашылық министрлігі Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті, ҚР Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі комитет, «Республикалық ветеринарлық зертхана» РМК және басқа да мүдделі тараптар қатысты.
Ауыл шаруашылық министрлігі шенеуніктерінің айтуынша, Қазақстан базарларындағы ветеринарлық-санитарлық қадағалау зертханаларын мемлекеттік ортаға беру туралы ұсыныс Солтүстік Қазақстан, Алматы облыстары және Алматы қаласы әкімдіктерінен түскен. Аргумент ретінде жеке меншік зертханалардың халықтың қауіпсіздігі тұрғысынан өте маңызды» аталмыш саланы бақылауды «тиісті түрде» жүзеге асыруға қабілетсіздігі жайлы «бұлтартпас» тезис алға тартылып отыр.
Алайда бұл мәлімдеменің дәлелді материалдары болмай шықты. Мемлекеттік органдар қалай тырысса да, жеке меншік зертханалар тарапынан техникалық жадықталу, кадрлар біліктілігі және өнім қауіпсіздігін сараптауды қамтамасыз ету жөнінен талапты бұзу жағдайларын келтіре алмады.
Мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық сараптау зертханаларының тек «мемлекеттік» болғандықтан ғана тиімдірек жұмыс жасайтыны жайлы тезисті де пікірталас қатысушылары негізсіз деп тапты. Ал әрбір жеке меншік зертханаға іс жүзінде олардың жұмысын бақылайтын мемлекеттік ветеринарлық инспектор бекітілген.
«Неліктен?» деген сауал жауабын күтіп тұрған еді. Ауыл шаруашылық министрлігінің түрткісі «Республикалық ветеринарлық зертхана» РМК өкілдері 128 ветеринарлық-санитарлық зертхана арасынан 50 зертхананың тиімсіз болып табылатынын айтып қалғанда белгілі болды. Шенеуніктер филиалдарын банкроттық пен жабылудан қорғаудың өз тұрғыларынан ең тиімді нұсқасын ұсынған – аталмыш саладан жеке меншіктегілерді ығыстыру және ветеринарылық-санитарлық сараптау функцияларын мемлекеттік ортаға қайтару!
Бұл ұстанымның пайдасына айтылған біршама сенімді жалғыз аргумент мемлекеттік зертханалардың ветеринарлық қызметкерлерінің саны жетіспеушілігі жайлы пікір болып отыр. Мәселен, Ақмола облысында үш ауданға 1 қызметкер бекітілген. Ал бұл, Ауыл шаруашылық министрлігі мен оның құрылымдарындағы шенеуніктердің ойынша, «ветеринарлық-санитарлық сараптауды және халыққа қызмет көрсетуді уақытында жүзеге асырмау түйткілін» туындатады.
Әрине, ірі сауда базарларының басшылары мен базарлардағы ветеринарлық-санитарлық сараптау зертханаларының директорлары өз бизнестерін мемлекеттік құрылымдар қызметкерлерін сақтап қалу үшін жою талпыныстарымен келіспейді. 2002 жылдан бері елімізде тамақ өнімдері қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі қалыптасқан және қызмет жасап келе жатқаны, оны бұзудың жөні жоқ екені аталып өтті. Кәсіпкерлер ветеринарлық-санитарлық сараптау зертханаларын жабдықтауға жеке қаражатын жұмсады, кадрларды даярлады. Бір зертхананы жарақтандыруға 11,5 млн теңге, тіпті одан да көп қаражат кететіні аталды.
Қазақстанда азық-түлік базарларында малдан алынатын тамақ өнімдерін сараптауды жүзеге асыратын 174 жеке меншік зертхана әрекет етеді. Бұл функцияларды мемлекеттік ортаға берген жағдайда, Ауыл шаруашылық министрлігі құрылымдарының зертханаларына мемлекеттік бюджеттен 2 миллиард теңгеден астам сома бөлу қажет болады. Сонда ғана олар сараптаманы бәсекелестік ортада жүзеге асырылып жатқан көлемде сапалы түрде орындай алады. Функцияны беруден бизнеске келтірілетін залалдың ескерілмейтіні де алаңдатады – мемлекеттік шенеуніктер жеке зартханаларға олардың орнын толтырудың еш механизмін ұсынып отырған жоқ.
Тағы бір тұс бар – ол мәселенің саяси қыры. Бәсекелес ортаға баяғыда беріліп қойған функцияны мемлекетке қайрату механизмі Мемлекет басшысының көрсеткен бағытына қайшы келеді.
Ел Президентінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында мемлекеттік қызмет сапасын көтеруге және мемлекеттік органдарды өзіне тән емес жеке меншік сектор пайдасына жасалатын функцияларды орындаудан босату қажеттігіне ерекше назар аударуы кездейсоқ емес. Жеке меншік бизнес қашан да мемлекеттен тиімдірек әрекет жасайды, деп мәлімдеген еді Ұлт көшбасшысы мінберден.
Сонымен қатар, ҚР Үкіметінің қолданыстағы «Жекелеген жұмыстар мен қызметтер түрлері нарығын дамыту туралы» Қаулысы да бар. Оның да күші жойылмаған.
Мемлекеттік құрылымдар өкілдері кәсіпкерлер аргументтерінің қисынына жалпы келісіп отыр. Бірақ сонымен бірге зертхана меншігінің формасына қарамастан, ол жеке меншік не мемлекеттік болсын, тамақ өнімі айналымына бақылауды күшейтуді ұсынды.
Пікірталас барысында кадрлар біліктілігін көтеру, мемлекеттік стандарттарға сәйкес келетін жабдықпен жабдықтау, зерттеу қызметтері бағасы тарифтерін белгілеу мәселелері де қозғалды.
«Атамекен» Кәсіпкерлер палатасы екі ай мерзімінде кешенді түрде зерттеу жүргізіп, жеке меншік ветеринарлық-санитарлық сараптау зертханаларының қызметі мәселесі бойынша талдамалық анықтама даярлауды ұсынды.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: