«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Абайлаңыздар, алаяқтар!

2015 жылғы 10 Тамыз
- Шымкент қаласы
17609 просмотров

Палата оңтүстік-қазақстандық кәсіпкерлерге өздерін «бақылаушы» деп атаған алаяқтар туралы ескертеді

Оңтүстік Қазақстанда өздерін қоғамдық және жеке ұйымдар қызметкерлері деп таныстырып, кәсіпкерлердің түйткілдерін шешуді ұсынатын алаяқтар пайда болды. Бұл туралы ОҚО кәсіпкерлер палатасында өткен баспасөз-конференциясында хабарланды.

Соңғы кездері кәсіпкерлер Палатаға өздерімен ақылы негізде шарт жасасуға мәжбүрлейтін белгісіз тұлғалар әрекетінің заңсыздығын анықтауды сұрап келуде. Олар қоғамдық ұйымдар немесе жеке меншік фирмалар атынан әрекет ете отырып, бизнесменнің құқығын қорғауға және мемлекеттік органмен арадағы түйіткіліне оң шешім табуға кепілдік береді. Бас тартқан жағдайда алаяқтар кәсіпкерге салық органдары СЭС және басқа да фискалдық қызметтер тарапынан шексіз тексерістер болады деп қорқытады екен.

Зардап шегушілердің бірі – Шымкентте дүкені бар жеке кәсіпкер Айнұр Бесбаева. Оған түйткілдерді шешумен айналысатын жеке меншік фирма атынан адамдар қатарынан бірнеше рет келеді. Олар белгілі бір ақыға көптеген фискалдық органдар тарапынан тексерістерге мораторий боларына кепілдік бермекші болады. Кәсіпкер басында сұраған соманың жартысын төлеуге шешім қабылдайды. Алаяқтар қалған бөлікті алуға кейін келеміз деп уәде береді. Олар үш рет келген екен, оның үстіне әр кезде әртүрлі адамдар келеді. Айнұр Бесбаева олардың өзіне таныс бизнесмендерге де келгенін айтты.

«Үстіміздегі жылдың мамыр және маусым айларында Кентау қаласы, Бәйдібек би және Сайрам аудандары кәсіпкерлерінің азық-түлік дүкендеріне өздерін Оңтүстік Қазақстан тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі қоғамдық бірлестігінің қызметкерлеріміз деп таныстырған адамдар келеді», - дейді ОҚО Кәсіпкерлер палатасы әкімшілік кедергілерді төмендету жөніндегі департаментінің директоры Тимур Нақыпбеков. – «Олар азық-түліктердің жарамдылық мерзімдерін тексеріп шыққаннан кейін түрлі жолдармен өз қызметтерін көрсетуге кәсіпкерлермен ақылы шарттар жасасуға тырысады». 

Алаяқтардың алдау нысаны дүкендер, шағын сауда шатырлары, салондар иелері – бір сөзбен айтқанда шағын бизнес болып табылады. Алаяқтар жеке кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығы деңгейінің төмендігіне сүйенсе керек.

Палата қызметкерлері кәсіпкерлердің аталмыш қоғамдық бірлестіктен ешқандай көмек алмағанын анықтады. Кәсіпкерлер жасасқан шарттар шатпақ құжаттар болып табылады, ал бизнесмен ол бойынша белгілі бір сомадағы ақшаны белгісіз біреуге, себепсізден себепсіз төлеуге тиіс.

ОҚО Кәсіпкерлер палатасы қоғамдық бірлестіктер әрекетінің заңдылығына баға беруді және прокурорлық жауап қату шарасын қолдануды сұрап хаттарды ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есептер жөніндегі комитетінің басқармасына және облыс прокуратурасына жолдады.

Кәсіпкерлер палатасы азаматтардың сақ болуын және «бақылаушы-қоғамшылдардың» мұндай келулері жайлы прокуратураға ертерек хабарлауды сұрайды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер