«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Бизнес-Кеңесші» үйде

2015 жылғы 30 Шілде
- Шығыс Қазақстан облысы
14194 просмотров

Мүмкіндігі шектеулі жан ісін бастаушы кәсіпкер курсынан өтті және жеке іс ашуға дайындалуда

«Құрметті Абылай Исабекұлы және Игорь Владимирович, сіздер арқылы Ұлттық кәсіпкерлер палатасына маған, І топ мүгедегі Кенченбаева Әлия Райысқызына үй режимінде «Бизнес-Кеңесші» компоненті бойынша жедел-курс ұйымдастыру бойынша көрсеткен аса бағалы көмектеріңіз үшін үлкен алғысымды білдіремін», - «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы мен ШҚО Кәсіпкерлер палатасы атына осындай алғыс хат келіп жетті.

Мүгедек қыз бала келе жатқан машина төрт жыл бұрын жол-көлік оқиғасына ұшыраған болатын. Апат нәтижесінде Әлияның омыртқасы зақымданып, аяғынан жүре алмай қалады. Енді ол мүгедек арбасымен жүреді. Оның өмірі өзгеріп кетті, жұмысқа жүгіру, достарына асығыс жауап беру, киноға бару сияқты бұрынғы әдеттері жоғалды. Бос уақыты көбейді. Тек осы уақытты басқа адамдардың көмегінсіз өткізе алмайды. Әлия барлық жаңалықты интернеттен алады, бұрынғы әріптестерімен әлеуметтік желілерде араласады. Жаңа достары пайда болды. Бірақ өскемендік қыз баланың білімге деген ұмтылысы тыныштық бермеді.

«Менің арманым кәсіпкер болу, жеке іс ашу, «қатарға келу», барлық дені сау адамдар сияқты барынша толық өмір сүру», - дейді Әлия Кенченбаева.

Қазір қоғамда мүмкіндігі шектеулі адамдарға деген қатынас өзгерді: оларға білім алғанға дейін сәйкес мекемеде күтім алу ұсынылады. Әлияның екі жоғары білімі бар, сонымен бірге Өскемен қызмет көрсету саласы колледжін де үздік тәмамдаған болатын.

Алайда Әлия осы жерде тоқтап қалмақшы емес.

«Маусым айының басында бізге бір қыз қоңырау шалып, жағдайын түсіндірді де, «Бизнес Кеңесші» курсынан қайда және қашан өтуге болатынын сұрастыра бастады. Оның даусынан өміріндегі қиын жағдайдың сағын сындыра алмағанын, оның оқығысы келетінін түсінуге болатын еді», - дейді бизнес-тренер Талғат Қасенов.

Ол үшін ыңғайлы уақыт тауып, кеңесіп, бизнес-тренерлер үйде оқытуға шешім қабылдайды.

«Мен үшін, арбаға таңулы мүгедек ретінде, кеңседе, кәсіпорын қабырғасында оқу біршама қиын әрі ауыртпалық салады. Алайда ШҚО Палатасы қызметкерлері маған көмекке келіп, демалыс күндері кешкі уақытта үйде оқуды ұйымдастырды. Қазір оқу аяқталды. Бизнес-тренерлердің жоғары кәсіпқойлығы мен байланысқа бейімділігін атап өткім келеді. Олар өте жақсы, қызықты материал таңдап алыпты. «Атамекен» ҚР ҰКП шығарған «Бизнес сабақтары» кітабына және оған қосымша пайдалы ақпаратқа толы компакт-дискіне ие болдым. Жақында курстан өткенімді растайтын сертификат табысталды», - дейді Әлия.

Бизнес-тренерлермен бірге жобалық оқыту бойынша бұдан әрі оқу жоспарланды. Кейін Әлия сервистік қызметтерді қолдана отырып, халыққа қажет және көп сұралатын тауарлар өндірумен, сондай-ақ қызмет көрсетумен байланысты жобалар дайындауды жоспарлап отыр.

«ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының арқасында арманымды іске асырудың, табысты бизнесмен болудың тамаша мүмкіндігіне ие болдым. Жақын арада өзімнің бәсекеге қабілетті бизнесімді ашуға қол жеткіземін деп сенемін. Жеке ісімнің табысты басшысы боламын да, осылайша, қоғамымызға үлкен пайда әкелемін.

Сіздерге және ұжымдарыңызға өмірдің барлық салаларында шын жүректен денсаулық пен амандық тілеймін. Қазақстандық қоғам үшін соншалықты қажет әрі пайдалы іс – консультациялық көмек көрсету және бизнес құқығы мен мүдделерін қорғау ісінде табыс тілеймін!», - деп жазыпты Әлия.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер