«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Өнімділік 2020» бағдарламасы: қайта жүктелу

2015 жылғы 30 Шілде
13554 просмотров

Ендігі жерде бағдарламаға экономиканың басым секторында кем дегенде бір жыл қызмет жасаған кәсіпорындар қатыса алады

«Қазақстандық индустрияны дамыту институты» АҚ 2015 жылғы 17 маусымда ҚР Үкіметі қаулысымен «Өнімділік 2020» бағдарламасының жаңа редакцияда қабылданғанын хабарлады. Құжатта мемлекеттік қолдау құралдарын ұсыну шарттары мен механизмдері өзгертілген, сонымен қатар мемлекеттік қолдаудың жаңа сервистік құралдары енгізілген.

Жаңа редакцияда қолдау шараларын ұсыну механизмі оңтайландырылған. Бағдарламаға агроөнеркәсіптік кешен, жеңіл және ағаш өңдеу өнеркәсібі, химия және фармацевтика өнеркәсібі, құрылыс материалдары өндірісі, көлік және қоймалау, ақпарат және байланыс сияқты экономиканың басымдылықты секторларында кем дегенде 1 жыл қызмет жасап жүрген кәсіпорындар қатыса алады.

Экономиканың жоғарыда аталған секторларында қызмет жасаушы барлық кәсіпорындар лизингтік қаржыландыру және лизингтік қаржыландыру үшін кешенді жоспарды дайындағаны үшін шығынның бір бөлігіне төлем ала алады (start-up жобаларды қоса).

Бағдарламаның жаңа редакциясына сәйкес, кәсіпорындардың мынадай шығындарының орны толтырылады: лизингтік қаржыландыру алу үшін кешенді жоспар дайындау кезіндегі – 50% (бірақ 2 млн теңгеден аспайды); ТЭН дайындау және/немесе сараптауда – 50% (бірақ 15 млн теңгеден аспайды); кадрларды оқытуда, сонымен қатар шетелде – 40% (бірақ 2 млн теңгеден аспайды); шетелдік мамандарды тартуда – 40% (бірақ 9 млн теңгеден аспайды); ақпараттық технологиялар саласындағы консалтинг, энергоаудит, технологиялық аудит жүргізу кезінде, инженерлік ойлар мен шешімдер даярлауда, жаңа конструкциялар, технологиялар, жабдықтар іздеуде және оларды өндірісте енгізу мүмкіндіктерін айқындауда, өнімді өндіру және өткізу процесінің қалыпты барысын қамтамасыз ету, сүйемелдеу және басқару бойынша қызметтерге, өнеркәсіптік дизайнды дайындауда – 40%, бірақ 30 млн теңгеден аспайды; жоспар дайындауда және прогрессивті басқарушы және өндірістік тенологияларды енгізуде (автоматтандырылған басқару жүйелері, энерготиімді және жасыл технологиялар, жобаларды басқару стандарттары, Lean, Кайдзен, TPM, ERP, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдар стандарттары (ISO), жобалау менеджменті, зерттеулер, дайындау және инновациялар, ақпараттық технологиялар, энерго- және  эко- менеджмент) – 40% (бірақ 5 млн теңгеден аспайды (жоспар үшін) және 15 млн теңгеден аспайды (енгізгені үшін).

Бағдарлама бойынша материалдар (нормативтік құқықтық құжаттар, презентация және т.б.) «ҚИДИ» АҚ www.kidi.gov.kz ресми сайтында орналастырылған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер