Монополияға қарсы комитет ҰКП өтінішімен «Астана LRT» компаниясын тексереді
Неліктен жеке меншік компания қалалық жолаушылар тасымалы нарығында басшылық жасауда?
«2015 жылғы 23 шілдеден бастап 2015 жылғы 23 қыркүйекке дейін «Астана LRT» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты жосықсыз бәсекелестік белгілері бойынша монополияға қарсы заңнаманы бұзуды тергеу жүргізілсін», - делінген Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті (ТМР және БҚК) бұйрығында.
Тергеу барысында жеке меншік және мемлекеттік сыңайлы сектор тасымалдаушыларымен жасалған шарттарға монополияға қарсы заңнаманы бұзғанын анықтау үшін талдау жүргізіледі.
Бұйрықтың орындалғанын бақылау Астана қаласы табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаменті басшысының орынбасары Абай Балабековке жүктеледі.
Ұлттық палатаның елордадағы жеке меншік автопарктер шағымынан кейін ТМР және БҚ комитетіне жүгінгенін еске саламыз. ҰКП Кәсіпкерлерді құқықтық қорғау департаментінің директоры Олег Савеленко хабарлағандай, елордада нарықты монополиялау жүріп жатыр. «Астана LRT» ЖШС – бұл Астана әкімдігінің 100% қатысуымен құрылған кәсіпорын (және де оған белгісіз себептермен басқарудың кейбір мемлекеттік функциялары берілген). Ол автобус бағдарларын өз еркімен билейді және автопарктердің шаруашылық қызметіне араласады. Қоғамдық мониторинг нәтижесінде көлік басқармасы мен жеке меншік автопарктер арасындағы қарым-қатынас түйткілдері анықталған.
«Біріншісі – бұл бағдарларға қызмет көрсету құқығына жасалған келісімшарттарды негізсіз түрде бұзу. Екіншісі – тасымалдаушыларды «Астана LRT» ЖШС Біліктілік орталығының қызметтерін пайдалануға мәжбүрлеу. Үшіншісі, «Астана LRT» ЖШС диспетчерлік ету қызметі құнының жоғарылығы – тасымалдаушылар ай сайын бағдарларға қызмет көрсеткені үшін бұл ұйымға шамамен 30 миллион теңге төлеп тұрады», - деп мәлімдеді ол.
Сонымен қатар, департамент директорының айтуынша, Астана қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы автопарктердің «Астана LRT» ЖШС-дағы француздық «Iveco» маркалы автобустарынан басқа кез-келген басқа автобустарды сатып алуына тыйым салады.
«Электронды билеттер енгізуге қарсылық байқалады. Тасымалдаушылар арасында ақша бөлінуін есептеудің жаңа әдістемесі таңылуда. Сонымен қоса Астана қаласы жолаушылар тасымалы нарығында жалған жолаушылар билеті қаптап кеткен. Және де, ақырғысы, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бақылау функциясын «Астана LRT» ЖШС ұйымына беру – ешбір облыста мұндай бұзушылық орын алмаған!», - деді Олег Савеленко.
«Жалпы, құрылтайшысы әкімдік болып табылатын «Астана LRT» ЖШС тұлғасында бәсекелестік ортадағы мемлекеттік қатысу үлесінің көлемді түрде артып отырғанын көріп отырмыз», - деп мәлімдеді заңгер.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: