«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Сөзден іске!

2015 жылғы 28 Шілде
- Ақтөбе облысы
9668 просмотров

Қобда ауданындағы Кәсіпкерлікті қолдау орталығында консультация алғаннан кейін жергілікті тұрғын мал өсірумен айналыса бастады

2015 жылғы ақпан айында Ақтөбе облысының Қобда ауданында алғашқы Кәсіпкерлікті қолдау орталығы ашылды. Сол уақыттан бері кәсіпкерлерге «бір терезе» қағидаты бойынша бизнесті мемлекеттік қолдау құралдарының барлығын ұсыну және сүйемелдеу қызметтерін көрсететін Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары облыстағы барлық 12 облыс пен Ембі және Жем қалаларында ашылды. Оның негізгі мақсаты Мемлекет басшысының алға қойған міндеттерін орындау: 2030 жылға қарай шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесін екі есе ұлғайту.

Қобда аудандық КҚКО-да кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, бизнесті қолдау және дамыту, кәсіпкерлік негіздеріне оқыту бойынша 20 қызмет түрі тегін көрсетіледі. Сонымен қатар, жергілікті кәсіпкерлер консультанттарға бизнес-жоспар даярлауды сұрап жүгінеді.

Жеке кәсіпкер Серік Шәріпов Орталық консультанттары көмек көрсеткендердің бірі.

«Қой өсіруге бел будым. Қобда ауданындағы Палата филиалының жанынан КҚКО ашылғаны жайлы естіп, консультация сұрап бардым. Маған «Жұмыспен қамту-2020» Жол картасы» бағдарламасын қолдану ұсынылды. Аудандық жұмыспен қамту бөліміне өтінім бердім. КҚКО консультанттары құжаттар жинауға, бизнес-жоспар даярлауға көмектесті. Көп өтпей барлық процедуралар ресімделіп, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорына құжаттар тапсырылғаннан кейін кредитімнің мақұлданғанын хабарлады. «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 800 000 теңге мөлшерінде жылдық 6%-бен төрт жылға кредит алдым», - деп бөлісті жақсы жаңалығымен Серік Шәріпов. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер