«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматы облысындағы ет экспортының әлеуеті талқыланды

2018 жылғы 07 Маусым
- Жетісу облысы
5520 просмотров

Шаруаларға жаңа мемлекеттік бағдарлама түсіндірілді

Алматы облысында қой етінің экспорттық әлеуетін құру бойынша пилоттық жоба іске асырылады. Мал шаруашылығының осы және өзге де даму мүмкіндіктері жайлы ұсыныстар «Атамекен» алаңында республикалық қой шаруашылығы палаталарының өкілдері, шаруа қожалықтары, кооперативтер мен кәсіпорындар басшылары, қаржы институттары, жергілікті атқарушы және мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен арнайы семинар-кеңесте талқыланды.

Республикалық қой шаруашылығы палаталары кеңесінің төрағасы Тынышбай Досымбеков атап өткендей, жетісулық фермерлер экспортқа қозы етін шығаруды жоспарлауда.

«Қозы етіне сұраныс жоғары және онда холестерин мен майлардың мөлшері аз. Қазіргі таңда кәсіпкерлермен бірлесе бағдарламаны іске асыру, бордақылау алаңдарын құру, өткізу нарықтарын іздеу, несиелендіру шарттарын талқылаудамыз. Пилоттық жобаның табысты іске асырылуы ет көлемінің артуына, жаңа жұмыс орындарының пайда болуына, мал санының өсуіне мүмкіндік береді», - деді Республикалық қой шаруашылығы палаталары кеңесінің төрағасы.

2018-2027 жылдарға арналған ет шаруашылығын дамыту бағдарламасы аясында фермерлік қожалықтарды дамыту үшін 4% ставкасымен 15 жылға дейін жеңілдетілген қаржыландыру қарастырылған. Сонымен бірге, бордақылау алаңына өткізілген әрбір мал басы үшін кәсіпкерлерге 3 мың теңге көлеміндегі субсидия төленеді.

Ресми мәліметтерге сүйенсек, Алматы облысындағы қой саны 3 млн-ға жуықтайды. Өткен жылы өңірдегі қой еті экспортының көлемі 1,7 тоннаны құраған.

Талқылау барысында қатысушылар субсидиялау мен несиелендіру талаптарын жеңілдету, жануарларды вакцинациялау сапасы, заманауи мал бордақылау алаңдарын әзірлеу мәселелері бойынша пікір алмасты.

Сонымен қатар, жиында облыстық Кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайықов Өңірлік кәсіпкерлер палатасының жанында аккредиттелгені жөніндегі куәлікті «Жетісу» қойшылардың өңірлік қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Кеңесхан Әбділденовке тапсырды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер