«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Мораторийді шексіз рұқсат деп түсінбеген абзал

2014 жылғы 28 Ақпан
8502 просмотров

Қазақстан Президентінің орта және шағын бизнес субъектісін тексеруге уақытша жариялаған шектеуі жалпы стандартқа сәйкес келе бермейтін тәсілдердің бірі екені анық. Бірақ, бұл  кәсіпкердің жауапсыздығын ынталандыру деген сөз емес.

Бұл жөнінде ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Президиумының мүшесі, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев мәлімдеді.

Перуашевтің айтуынша, екінші жарияланған шектеу кезеңінт (алғашқы шектеу 2009-шы жылы жарияланған) ұтымды пайдаланған дұрыс, дәлірек айтсақ, бизнестің қызметін реттеу үшін қажет кәсіпкерлікке қатысты заңнамалар жетілдірілуі тиіс.   

«Қазақстан Президенті жай ғана шектеу жариялап қойған жоқ, Кәсіпкерлік Кодексіне бизнеске қатысы бар бүкіл заң нормаларын сұрыптап енгізуді тапсырды. Екіншіден, Елбасы бизнестің дамуына тосқауыл боп отырған  немесе маңызы мен тиімділігін жоғалтқан мемлекеттік органдардың барлық актілерін жоюды тапсырды», - деді Азат Перуашев.

Перуашевтің пікірінше, бұл шектеу - кәсіпкерліктің өркендеуін қамтамасыз ететін, құқықтық кеңістіктің жетілуіне қомақты үлес қосатын қорғаныс шараларының бірі.     

«Шектеу мерзімі аяқталып, бизнестің дамуына мұрындық болатын барлық заңнамалық шаралар ретке келтіріліген соң, Мемлекет басшысы заң талаптарын үнемі бұзатын кәсіпкерлерге тексерісті көбейтіп, ал белгілі тәртіпке бағынып, адал жұмыс жасайтын кәсіпкерлердің үстінен жүргізілетін бақылауды азайту үшін, тексерістің тәуекелді басқару жүйесіне көшіруді тапсырды», - деді Азат Перуашев. Депутаттың айтуынша, бұл - сыртқы нарықтағы тұрақсыз жағдайға қарамастан қабылданған маңызды  шешімдердің бірі. Себебі, бюджеттің табысы азая түседі және алақол кәсіпкерлердің заңсыз әрекетін алдын-ала шектеу үшін жасалған шаралардың бірі.    

«Шектеу – кешірім еместігін баса айтқым келеді. Бюджетке салық төлеу, тұтынушылардың мүддесін қорғау, сондай-ақ, экономиканың дамуына бағытталған барлық қызметті атқаруға, дәлірек айтсақ, бизнестің өз міндетін толық орындауы үшін бәрібір жауапкершілік талап етілетін болады», - деді Азат Перуашев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер