«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Сапасыз құс өнімдері

2015 жылғы 21 Шілде
9728 просмотров

Ресейде және Украинада өндірілген балапандардан сальмонелла табылды

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі комитет Қазақстан Республикасы аумағында бірқатар жосықсыз жеткізушілердің құс етін өткізуін тоқтататыны жайлы мәлімдеді. Шешім ресейлік және украиналық өнімдерден сальмонелла таяқшасын тапқан санитарлық-эпидемиологиялық сараптама нәтижесінде қабылданды.

Тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі комитеттің қара тізіміне «Мироновская птицефабрика» ЖАҚ (Украина), «Благодарненский» құс-ет комбинаты» ААҚ, «Нагайбакский птицеводческий комплекс» ЖШҚ, «Юбилейное» ЖШҚ (Ресей Федерациясы) өнімдері түсіп отыр. Еуразиялық экономикалық қоғамдастық елдерінің уәкілетті органдарына сәйкес хабарламалар жолданды.

Тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі комитет сатудан Кеден одағының техникалық реттемелеріне сәйкес келмейтін өнімдерді алып тастау бойынша шаралар қолдануды өтініп бөлшек сауда желілері иелеріне жүгінді. Тұтынушылар «Осы өндірушілер өнімдерінің бөлшек желілерде өткізу деректері жайлы Комитет департаменттеріне ақпарат беруде белсенділік танытуға» шақырылды.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер