«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Қара тізім» дегеніміз не?

2016 жылғы 04 Ақпан
15401 просмотров

Болмашы бұзушылыққа байланысты ірі отандық өндірушілердің өнімдерін қауіпті тізімге енгізген

«Атамекен» ҰКП Экономикалық интеграция департаментінің директоры – Басқарма Басшысы орынбасарының м.а. Дана Жүнісова хабарлағандай, Қазақстандық тұтынушылардың құқығын қорғау туралы қордың сайтында техникалық регламенттің талаптарына сай келмейтін азық-түлік туралы жарияланған ақпаратқа қатысты тамақ өндіретін отандық өндірушілерден Ұлттық палатаға жиі арыздар түсіп жатыр.

«2015 жылдың 1 қазанынан бастап бұл коммерциялы емес ұйым ҚР Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқығын қорғау комитетінен алынған ақпараттың негізінде «сәйкес емес өнімдер реестрін» әзірлеуге кіріскен. Комитеттің негізгі сайтының тоғысқан сілтемесін қордың интернет-ресурсы көшіріп басқан», – деді ол.

«Кублей» ЖШС, «МИЛХ» ЖШС және басқада белгілі тауар өндірушілер Тұтынушылардың құқығын қорғау қорының «қара тізіміне» енгізіліпті. Соның себебінен болмашы бұзушылықтары жол беріп алған кәсіпкерлер жапа шегуде. «Кейбір тізімге расымен де елеулі бұзушылықтары бар өндірушілер ілінген, яғни олардың тауарында адам өміріне қауіп тудыратын стафилококк бактериясы, ішек таяқшасы табылған,  ал маркалау, таңбалауда кеткен қателер – білінер-білінбес бұзушылыққа жатуы керек» деп түсіндірді ҰКП Техникалық реттеу департаментінің директоры Сергей Радов.

Қор ақпаратты «қара тізім» деген тақырыппен жариялаған. Адамдар оны көрген бетте оның жай-жапсарына үңілмейді, бірден бұл өнім қауіпті деп ойлайды. Біз Тұтынушылардың құқығын қорғау комитетіне хабарласқанымызда, олар жауапкершілікті өздерінің мойнына алмады. «Біз жеке коммерциялық емес ұйымдардың реестрді өздері қалыптастыруына құзірет бергенбіз» деді олар. Сауда дүкендері бұл «қара тізімді» көрген беттен өнімді саудадан алып тастайды. Өндірушілер шығынға батады, олардың өнімін ешкім алмайды. Өндірушілер Тұтынушылардың құқығын қорғау комитетіне хабарласқанда, олар  «қара тізім» өнімге тыйым салмайды, кәсіпкердің бұзушылықты жойып, шұғыл шаралар қабылдауы үшін тек ұсынымдық сипатта ғана енгізіледі», – деген.

Сөйте тұра Тұтынушылардың құқығын қорғау комитеті өздерінің сайтында қауіпті және тыйым салынған өнімдердің тізімін жариялайды-мыс. Былай айтқанда, сәйкеспейтін өнімдердің реестрін қор арқылы жариялайды. «Сонда Комитет жеке ұйымға коммерциялық құпия саналатын жеткіліксіз негіздегі мәліметтерді берген болып саналады. Біз мұны өндірушілердің құқығын қысым көрсету деп түсінеміз. Бұған қатысты меморгандар тарапынан ешқандай санкциялық саясат қарастырылмаған. Бұл тізімнен шығарылу механизмдері де айқын емес», – деді наразы болған Радаев.   

«Біз өзіміз де, анонимді түрде, ол жаққа телефон шалдық. Олар: «Әрине, өнім нормаларға сәйкес келмейді, оны сатып алу қажетсіз» деді. Яғни, олар жеке тұлғамен сөйлескенде осылай түсіндіреді. Осылайша, ақпарат бұрмаланады», – деді ол.

Дана Жүнісова отандық тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі туралы тұтынушыларды ақпараттандырудың қажеттілігін «Атамекен» ҰКП толығымен қолдайтынын атап өтті. Себебі, халық үнемі бұл өнімдерді тұрмыста қолданып келеді. «Алайда, аталған реестрді «қара тізім» деп атау жарамайды, ол жеткіліксіз негіздемеде құрылғанымен қоймай, бірінші кезекте отандық тамақ өнімін шығарушылардың беделіне тікелей нұқсан келтіреді. Күтпеген жерден өзін «қара тізімнен» көрген отандық және шетелдік тамақ өнімін шығарушылардың арызына сүйенсек, сайттағы сәйкеспейтін өнімдер туралы ақпаратта бұзушылықтың негізгі дәлелі көрсетілместен берілген. Қордың реестріне тіркелген тауардың көбісінің толық атауы туралы мәлімет жоқ, өнімді сәйкессіз деп анықтаған мерзімі көрсетілмеген, жарамсыз топтаманың нөмері, сынақ хаттамасы туралы мәліметтер келтірілмеген», – дейді ол.

Жүнісова өнімді шығарушылар мұндай дабылға шұғыл жауап қайтару мүмкіндігін шектейтін ондай тәсілдермен түбегейлі келіспейтінін атап өтті. «Тамақ өнімін шығарушылар реестрді қалыптастыру кезінде сәйкеспеген өнім туралы мәліметтің қолданыс межесін белгілеу керек деп есептейді. Елдің санитарлы-эпидемиологиялық ахуалына қауіп тудыратын өнім (стафилококк бактериясы, ішек таяқшасы, өзге де қауіпті микроағзалардың штаммдары) туралы мәлімет болмашы бұзушылықтар байқалған (мысалы, сәйкесінше жапсырма қағазы болмаған) өнім туралы ақпаратқа қарағанда басымдылыққа ие болып, ерекшеленіп тұруы керек» – деп қосты ол.

«Осыған орай, «Атамекен» ҰКП міндетті талаптарды қолдану саласындағы бұзушылықтар туралы бірыңғай сипаттан тыс деңгейдегі мәліметтерді жариялаудың мүмкіндігін алып тастау үшін, Тұтынушылардың құқығын қорғау комитетіне қоғамдық бірлестіктің ақпараттық ресурсымен ынтымақтасудың тәртібін реттеуді ұсынды» деп қорытындылады Жүнісова.

Қазақстандық тұтынушылардың құқығын қорғау қорының «қара тізіміне» ресейлік өндірушілерде түскен. Атап айтқанда, «Пенза-Пресс» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, қор тексеру нәтижесінде «Васильевская» пенза құс фермасының өнімдерін жарамсыз деп тапқан. Яғни, олардан бактерия анықталыпты-мыс. Ақпарат агенттігінің жүргізілген зерттеулер туралы сұрауына қор зерттеу жұмыстарының хаттамасы тек өндірушілерге ресми сұраныс негізінде беріледі деп жауап қатқан. Сондықтан, өндірушінің «қара тізімнен» алып тастау өнімді жүргізілген лабороториялық зерттеулер мен мониторинг нәтижесінде ғана мүмкін. Ол зерттеудің өзін Қор өндірушінің қаржы есебінен ғана жүргізеді.

Пенза АА-ның ақпаратын мына жерден оқи аласыздар.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер