«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Құрылыс ұйымдарының назарына!

2015 жылғы 21 Шілде
11112 просмотров

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің «Қазақстан Республикасында құрылыс құнын айқындаудың ресурстық әдісін енгізу туралы» Бұйрығы бекітілді.

Бұйрықты жүзеге асыру аясында, ресурстық әдіс бойынша дайындалған 133 нормативтік құжат ҚР ҰЭМ Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жер ресурстарын басқару істері комитетінің бұйрығымен бекітілді (бұйрықтар көшірмелерімен мына жерде танысуға болады).

Осыған орай, осы жылдың 1 шілдесіне дейін мемлекеттік қаражат және мемлекеттік сыңайлы сектор субъектілері (ұлттық компаниялар) қаражаты есебінен қаржыландыруға ұсынылатын жаңа жобалар үшін жобалау-сметалық құжаттаманы дайындауға жасалатын барлық шарттарда жобалау ұйымдарын ЖСҚ құрамындағы сметалық құжаттаманы ресурстық әдіспен есептеуге міндеттейтін норманы қарастыру қажет.

Осы жылғы 1 шілдеге дейін жасалған барлық шарттар бойынша базистік-индекстік әдіспен жүзеге асыруды жалғастыру қажет.

Жобалау-іздеу жұмыстарының құнын есептеу 1 қарашадан бастап ресурстық әдіспен жүзеге асырылатын болады, жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерінің есептік құнын айқындау 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап жүзеге асырылады.

«Қазақстан Республикасында құрылыс құнын айқындаудың ресурстық әдісіне кезең-кезеңмен көшу жөніндегі іс-шаралар жоспарында» инженер-сметашыларды ресурстық әдіске оқыту жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру көзделеді. Сонымен қатар құрылыстың сметалық құнын айқындаудың ресурстық әдісіне көшудің негізгі мәселелерін түсіндіру бойынша салалық жиналыстар өткізу көзделген.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер