«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Мемлекеттік сатып алу туралы» заң сараптамаға жолданды

2015 жылғы 20 Шілде
10321 просмотров

Мемлекеттік сатып алу туралы заң көпшіліктің талқылауы үшін www.palata.kz сайтына орналастырылды

Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына сараптамаға Қазақстан Республикасы Үкіметі мақұлдаған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депуттары жасаған түзетулерді есепке алумен «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы (жаңа редакциядағы) жобасының алдын-ала мәтіні келіп түсті.

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заң жобасы бойынша шоғырландырылған пікір қабылдануын қамтамасыз ету мақсатында Заң жобасын (жаңа редакцияда) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары жасаған түзетулерді есепке алумен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының www.palata.kz сайтына орналастырдық.

Заң мәтінімен мына жерде танысуға болады.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі белгілеген мерзімнің тығыздығы салдарынан заң жобасын қарап шығып, ұсыныстар мен ескертулерді (нақты да анық негіздемемен) осы жылдың 26 шілдесіне дейін a.izgaliyev@palata.kz электронды мекенжайына жолдауды сұраймыз.

Аталмыш Заң мемелкеттік сатып алуларды жүзеге асыру процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді. Және де мемлекеттік функцияларды қамтамасыз етуге қажет, кәсіпкерлер тікелей қатысатын тауарлар, жұмыстар және қызметтер сатып алу процестеріне байланысты қатынастарда қолданылады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер