«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Атырау: су процедуралары болмайды!

2015 жылғы 15 Шілде
- Атырау облысы
15070 просмотров

«Атырау Су Арнасы» ҚММ сумен жабдықтау және кәріз жүйесінің тарифін 60 % көтеруге дайындап жатыр, бұл ШОБ субъектілеріне әсерін тигізеді!

Атырау кәсіпкерлері су арнасы қызметтері тарифтерінің 60% көтерілетіні жайлы palata.kz ресурсының елордалық тілшісінен естіген. Мұны ешкім күтпепті, бәрінің айтатыны: «Не деп тұрсыз?! Мүмкін емес!»

Коммуналдық кәсіпорын қызметтеріне баға белгілеуді талқылаулардың ашық өтпейтіні жайлы монополистің әлі күнге дейін жария қоғамдық тыңдаулар өткізбегені де хабар береді. Керісінше жағдайда, олардың өткізілгені туралы БАҚ білер еді, ал БАҚ-қа міндетті хабарлау заңда жазылған. Бірақ мерзімді басылымдарды зерттеудің көрсеткені: табиғи монополияларды реттеу жөніндегі департамент хабарландыру да, есеп те жарияламаған.

«Тарифтерді 60%-ға көтеру? Естері ауысып кеткен бе?! Барлық тауарлар бағасының өсуі күтіп тұр онда бізді?! Және де бұл жақында ғана қабылданған девальвация жайлы шешім аясында», - деп назаланды дәмхана иесі Ербол Қаражігітов.

Оның ойынша, құпия түрде қабылданған шешім облыс әкімдігінің қоғамдастыққа ашылмайтын есігінің әр жағында талқыланған болуы керек. Бизнесмен мәселені қоғамдық пікірталас деңгейіне шығару қала билігіне ойлануға берілген жаңа дүние болар еді.

«Мұндай шешімдердің алдында халық пен бизнестің төлем қабілеттілігіне мұқият талдау жасалуға тиіс. Белгілі бір баға деңгейі бар, одан асқанда тұтынушы төлей алмайтын болады. Ол төлемейді де! Өткен ғасырдың 90 жылдары көптеген қала су арналары өздерінің экономикалық түйткілдерін осылай шешкен еді. Ал бұл коммуналдық кәсіпорындардың банкроттығына алып келді», - деп еске салды қала тұрғыны өткенді.

Автожуу орнының иесі Асқар Аханов тарифтер көтерілуі қалалықтар өмірінде көлемді әлеуметтік күйзеліс тудырарын жасырмады. Девальвация әсерімен салыстыруға болатын күйзеліс.

«Тарифті 60% көтеру мені де автожжу қызметтеріне деген бағаны көтеруге мәжбүрлейді, ең құрымаса рентабельділікті қамтамасыз ететін деңгей – 30%-ға. Ашығын айтайын: өз шығынымды оңтайландыруыма тура келеді, бәлкім, жұмыс орындарының бір бөлігін қысқартуыма тура келетін шығар. Шағын бизнестің коммуналдық қызмет төлемдеріне қандай да жеңілдіктері жоқ екенін атап өтейін. Билік тіпті жеке кәсіпкерлерді заңды тұлғалармен теңестіріп қойды, ал бұл үш есе қымбат алуға мүмкіндік береді», - дейді кәсіпкер.

Асқар Ахановтың айтуынша, Атырау бизнесі бүгінде «қарсылық акциясын көтеруге рухани тұрғыдан дайын».

Тазартылған ауыз су өндірісі цехының иегері Селжан оны мақұлдап отыр: «Егер қала су арнасы сумен жабдықтау тарифін көтеретін болса, бұл жалпы баға өсу механизмін іске қосады. Бәріміз де түрлі шешім қабылдауға мәжбүр боламыз. Су арнасының өз техникалық базасын жөндеуден өткізіп, жаңартуы қажет, оған келісемін. Бірақ неге бұл біздің есебімізден әрі бір сәтте істелуге тиіс? Мұны бес-жеті жылға жасаса болмай ма? Және де, мұндай шешім үшін уақытты өте сәтсіз таңдапты!», - деп есептейді Селжан…(…).

Танымал қоғам қайраткері Әсел Нұрғазиева қалалық су арнасы қызметтерінің бағасын көтеру шағын және орта бизнестегі көптеген субъектілердің банкроттығына алып келеді деген ойда.

«Ең алғаш болып шағын наубайханалар, дәмхана, шаштараздар шыдамайды. Олар жұмыстарын тоқтата салады. Бұл жерде салық базасы жайлы сөз болып отыр, сондықтан да Атыраудың жергілікті бюджетіне түсімдердің жетіспеушілігі де күтіп тұр. Бұл шығынды «Атырау Су Арнасы» қызметінен келетін түсімдер жаба қоймас. Аталмыш кәсіпорынның төлеуге қабілетті клиенттері санының төмендеуі есебінен табысынан да айрылуы әбден мүмкін. Сонымен қатар, қалалық су арнасының модернизациялау бағдарламасының қандай екені де біз үшін әлі күнге дейін анық емес, және де халық төлемі ол үшін басты көз болып табылу себебі де түсініксіз», - деп есептейді заңгер әрі құқық қорғаушы.

Оның айтуынша, тарифтерді көтеру туралы шешім Атырау қаласы мәслихатында қабылданған. «Бірақ, қарап тұрсаңыздар, мәслихат депуттары кімдер? Коммуналдық кәсіпорын басшысының әрқайсысында депуттатық белгі бар. ЖЭО, Телеком, Қалалық су арнасы – осы кәсіпорындардың директорлары жергілікті өкілдік органының депутаттары болып табылады. Ал бұл дегеніміз, формалды түрде тариф көтеру туралы шешім заңды негізде қабылданғанын білдіреді. Әлде бұл монополистердің сөз байлап алуы ма? Жоға, ол не дегеніңіз? Бұл «бар болғаны» қалалық мәслихат отырысы», - деп заңгер palata.kz тілшісімен телефонмен сөйлескенде жағдайға түсінік берді.

Атырау кәсіпкерлер палатасы сарапшысы болып табылатын құқық қорғаушының ойынша, «Атырау Су Арнасы» тарифінің көтерілуі туралы шешім қабылдау кезінде «заңгерлік процедура бұзылған». Бұл қала тұрғындары тарапынан түсінбестік тудырған да. Әзірше ереуілге жергілікті саяси «бомондтың» бір ғана өкілі шыққаны рас, ол - Толгат Аян. Кім білед, бәлкім, қалалық су арнасы қызметі үшін 1 тамызда келген шот шыдамдылықтың соңғы тамшысына ұласып, осының арқасында қалалықтар наразылығы біршама ұйымдасқан форма алатын болар?

Палата ше? Тариф белгілеу «Атамекен» қызметінің басымдылықты бағыттарының бірі деп жарияланғаны белгілі емес пе?

«Бүгін Атырау кәсіпкерлер палатасы сұхбат алаңын құруға талпыныс жасап жатыр. Онда монополист өкілдері мен бизнес-қоғамдастық өкілдері пікір алмаса алар еді. Әзірше бұл ойдағыдай жасалып жатқан жоқ», - дейді Әсел Нұрғазиева.

Атын атағысы келмеген «Атырау Су Арнасы» МҚК өкілі өз ұстанымын жеткізді. Сұхбаттасымыз телефон қоңырауына жауап бере отырып жария тыңдаудың өткізілгенін, оған «қаланың сыйлы адамдары» қатысқанын түсіндірді. Олар монополист кәсіпорын дәлелдеріне келіскен. «Иә, БАҚ өкілдері тыңдауда болған жоқ. Олардың қажеті қанша? Кәсіпкерлер палатасының да өкілдері болған жоқ. Оларға шақыруды үш рет жолдадық, бірақ… бізде пошта нашар жұмыс жасайды», - деген сұхбаттасушының даусынан кекесін анық естілді.

Белгілі болып отырғандай, соңғы күндері Палата өкілдері билік, бизнес және монополист кәсіпорын ұстанымдарын мақұлдау жөнінен аса қауырт жұмыс жүргізген. Жақсылыққа ғана сенебіз бе?


Еншілес ұйымдар

Серіктестер