«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Юлия Якупбаева: «Құрылыс салу керек деп сала берудің еш мәні жоқ»!

2015 жылғы 13 Шілде
10388 просмотров

«Атамекен» пилоттық режимде Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ұсынған бағдарламамен жұмыс жасауда.

«Бұл ТҚЖБ клиенттері үшін баспананың белгілі бір көлемін салу үшін екінші деңгейдегі банктер арқылы қаражатты шартталған орналастыру бағдарламасы. Біраз жерлері түзелген соң бұл бағдарламаны толықтай іске асырарлық деп санауға болады», - деп атады «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева.

Дегенмен, құжатта қайшылықтар да жоқ емес.

«Мәселен, бүгін құрылысшылар бұл баспанаға сұраныс жүз пайыз боларына кепілдік болмаса құрылысты қалай жүргіземіз деп сұрайды. Қаражат бөлінеді делік, бірақ ТҚЖБ жекелеген клиенттері одан бас тартуы мүмкін, сонда бұл жалгерлік баспана бағдарламасына, не коммерциялық тұрғын үйге кетеді. Бірақ онда мүлдем түрлі кіріспелер, коммерциялық және әлеуметтік баспана сатып алушылары болып табылатын адамдар да әртүрлі, осыдан келіп кейбір нюанстар туындап жатады. Сонымен қатар баға мәселесі де бар. Себебі қаражат тек пәтер сатып алуға бөлінеді, бірақ паркинг салу мәселелері шешілмей қалады. Егер салушы оны өз қаражаты есебінен салса, онда маржа басқаша болып шығады», - деп түсіндірді Юлия Якупбаева.

ҰКП төрағасының орынбасары тұрғын үй құрылысындағы жалпы жағдай жайлы айта келіп, жоғары пайыздық мөлшерлемелер салдарынан ипотека көлемі төмендегенін атап өтті.

«Қарызгердің 12 % көлеміндегі мөлшерлемеге шыдас беруі оңай емес. Оның үстіне қазір «ұзақ ақшалар» жоқ. Және де, осының салдары ретінде ипотека нарығы айтарлықтай қусырылды. Бүгінде мемлекет жалгерлік баспана нарығына өтуге талпынуда, бірақ азаматтарымыздың қажеттіліктерін жалгерлік баспананы дамыту жолымен ғана толық жабу да оңай болмайтын шығар», - дейді Юлия Якупбаева.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы осыған орай жалгерлік баспана, әлеуметтік, коммерциялық баспана элементтері, және де тұрғын үй құрылыс жинақтары арқылы әрі коммерциялық банктер арқылы ипотека элементтері кіретін тұрғын үй бағдарламасын әзірлеуді ұсынады.

Юлия Якупбаеваның айтуынша, ҰКП Ұлттық экономика министрлігіне өз тұжырымдамасын ұсынып та қойған, бірақ ол әлі мақұлданған жоқ. Және де бұл қорландыруды қажет ететіндіктен де түсінікті.

«Бағдарламаны жеткілікті қорландырусыз жүзеге асыруға болмайды. Құрылыс салу керек деп сала берудің мәні болмайды! Құрылыс көлемін белгілі бір сұраныс болғанда ғана өсіруге болады», - деп мәлімдеді «Атамекен» ҰКП төрағасының орынбасары.

Оның ойынша, бағдарлама халықтың сұранысына ие болады және жүзеге асырылуға мүмкіндігі бар, себебі қазір Тұрғын үй құрылыс банкінде азаматтардың шамамен 400 мыңнан астам шарты (өтінімі) жатыр.

Ұлттық қор ресурстары шексіз емес болғандықтан, құрылыс үшін «арзан» ақша іздеуге келер болсақ, Юлия Якупбаеваның айтуынша, «Нұрлы жол» бағдарламасының мәнін дұрыс бағалау керек.

ҰКП төрағасының орынбасары жыл өткен сайын шешуін таппай келе жатқан баспана түйткілінің өткірлігін мойындай келе, бүгінде Тұрғын үй құрылыс банкі сұранысын сегменттеу қажеттігі пісіп-жетіліп отыр деген ой айтты. Біршама жоғары санатты баспана ала алатындар бар, ал біреулер осы «бақыттың шаршы метрлеріне» зәру, жалгерлік те, коммерциялық та баспанаға шамасы жетпейтін халықтың әлеуметтік осал санаты да жоқ емес. Палата өкілінің ойынша, баспана нарығының шағындығын ескере отырып, жүйелік тұрғыдан келсек, оны сараланымға бөлуге де болады.

«Баспанаға зәру кезектегілердің тізімін салыстырып тексеріп шығу керек. Бірақ оған қолымыз жетпей жүр, бірақ осы бағытта жылжып келе жатырмыз», - деп қосты ол.

Юлия Якупбаева сонымен қатар баспананы кейін сатып алумен жалдау – айтарлықтай даулы мәселе деп пайымдайды. 

«Мемлекет салады, адамдар жалгерлік баспананы кейін сатып алу құқығымен жеңілдікті шарттармен алады, ақырында пәтер мемлекеттік тұрғын үй қорынан жеке меншікке өтіп кетеді. Көбінесе тұрғын үй иесі оны сосын инвестициялау құралы ретінде қолданады. Біраз уақыт өткен соң пәтер меншік ретінде сатылып алынады және қайта сату нысаны қызметін атқарады. Осыған байланысты кейін құнын өтеп алынатын баспананы жалдауды алып тастауды жақтайтындар да бар, сонда тұрғын үй қоры ұлғаяды», - деп түйіндеді ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева.  

ҰКП муниципалдық баспана жасақтап, тұрғын үй мәселесін шешуді оңымен шешкен еуропалық елдер тәжірибесін де зерттеуді жоспарлауда. Азаматтар пәтер алуда, оны жалға алып, ерекше түйткілдерді бастан кешіп отыр, оның үстіне, адамдар орын ауыстыру жөнінен ерікті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер