«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жалған кәсіпкерлік үшін жауап береді!

2015 жылғы 09 Шілде
- Астана қаласы
11278 просмотров

Мемлекеттік табыс комитетінде көлеңкелі бизнесті жақтаушы салықшылармен күрес белсенді түрде жүргізілуде

«Қазірде жалған кәсіпкерлікпен айналысатын немесе оған септесетін тұлғаларды анықтауға бет бұрдық». Қаржы министрлігі Мемлекеттік табыс комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожин бүгін Қазақстанның Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте осындай мәлімдеме жасады.

Төраға берген деректер бойынша, биылғы жылдың 1 шілдесіне дейін «мемлекеттік табыс қызметкерлеріне қатысты 149 қылмыстық іс қозғалған, оның үстіне 96 қылмыстық істі ішкі қауіпсіздік күштері қозғаған».

«Тергеу барлық қызметтерде, соның ішінде салық, кеден және экономикалық тергеулер қызметі бойынша жүріп жатыр», - деді Дәулет Ерғожин.

Мемлекеттік табыс комитетінің басшысы мысал ретінде Қарағанды және Павлодар облыстары бойынша салық қызметі қызметкерлеріне қарсы қозғалған қылмыстық істерді келтірді.

«Олар іс жүзінде тіркеу орнында жоқ кәсіпорындардың орналасқан жерлерін заңсыз растаған. Қазір оларға қатысты сәйкес процессуалдық шешімдер қабылдануда», дейді Дәулет Ерғожин.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер