«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Медиация өнерінің мәнін ұғыну

2015 жылғы 08 Шілде
11126 просмотров

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы арбитраждағы медиация мәселелері бойынша тренинг ұйымдастырды

Қазірде заңнамаға арбитраждық (аралық) іс қарау процесінде медиацияны көздейтін өзгертулер енгізілетінін еске саламыз.

Медиация тақырыбы іскер ортада ерекше өзекті, себебі кәсіпкерлер қандай да бір дауларға жиі тартылып жатады. Ал оларды сотқа жеткізбей шешуге болады (себебі сотта жүруге барлығының бірдей уақыты бола бермейді). Мұндай жағдайда дауларды медиаторларды тарту жолымен баламалы түрде шешу біршама тиімді әдіс болып табылады.

Кім медиатор бола алады? Қақтығысты шешуде медиатор қандай роль ойнайды, және де жағымды нәтижеге қол жеткізу үшін қандай сапаға ие болуы керек?

Медиация жөніндегі маманның осы және басқа да сапалары туралы тренер - медиатор Гүлнара Жандосова ҰКП-да өткен семинарда сөз қылды. Оның айтуынша, өткізілетін іс-шара мақсаты – әрекеттегі төрешілерге медиативтік құзыреттілік, медиация бойынша алғашқы білімдер беру. Тренердің ойынша, қазіргі жағдайларда медиативтік құзыреттіліктер медиаторларға ғана емес, судьялар мен төрешілерге де қажет.

«Төрешілер өз қызметтерін жүзеге асыруда көбінесе тараптар қақтығысына жиі ұшырайды. Қандай да бір жағдайда дауға қатысушы тараптар арасындағы қақтығыстың төмендеуі және шешімнің екі тараптың да мүддесін қорғауға немесе мүдделерін қанағаттандыруға сеп болу деңгейі төрешінің өзін ұстауына байланысты болады», - деп түсіндірді Гүлнара Жандосова.

Ол сонымен бірге медиация кәсіпкерлік ортада біршама жарамды екенін атап өтті. Онда барлық даулы мәселелерді ешкімге залал келтірместен, жылдам әрі сотқа дейін шешу білігі қажет болады.  

«Бүгінде төреші судья ғана емес, қақтығыстарды медиация көмегімен шешуге арналған маман ролін де алады. Ол медиация процедурасына үшінші, бейтарап, мүддесі жоқ тарап ретінде қатысады. Медиатор келіссөздер процесінде қақтығысушы тараптардың өз және қарсыласы мүддесін түсінуіне, ұстанымдарын айқындауына көмектеседі. Медиатор сонымен қатар тараптарды дауды сындарлы әрі екі жаққа да қолайлы шешу жолдарын іздеуге жетелейді және тараптардың қақтығыстардың барлық қатысушыларының көңілінен шығатын шешім табуға көмектеседі», - деді Гүлнар Жандосова.

Оның айтуынша, тараптар медиаторлар көмегіне жүгіне отырып, материалдық шығындарға ұшырамайды, себебі сотқа жүгіну адвокат қызметіне төлем жасауды ғана емес, мемлекеттік баж төлеуді шамалайды, ал оның өзі бүкіл сатыларда жүреді. Сонымен қатар, бизнес бойынша серіктестермен қақтығыс жағдайында медиаторлар көмегімен олармен қарым-қатынасты сақтап қалуға болады. Бұл да маңызды дүние.  

«Медиация тараптар ұстанымдарымен жұмыс жасамайды, ол тараптар мүддесімен жұмыс жасайды», - деп баса көрсетті тренер.

Тренер айтуынша, даулы мәселелерді қосымша келісім ресімдеу, заң күші бар шарт жасау арқылы реттеуге болады. Гүлнара Жандосова айтуынша, екі тараптан тұратын кез-келген бизнесте қақтығыс болмай қоймайды, бірақ одан қорқудың қажеті жоқ. 

«Қақтығыс – бұл алға жылжу, бұл қандай да бір жағдайды өзгерту қажеттілігі.  Және де қақтығысқа қатысушыларың дұрыс жүріс-тұрысын дайындау қажет. Ал төреші медиативтік дағдылары арқылы осыны жүйеге келтіреді», - деп есептейді тренер-медиатор.

Тренингке қатысушы, Қазақстандағы White &Case компаниясының аға заңгері Семен Иссык атап өткендей, аталмыш семинарда ол медиатор ролі мен функциялары туралы жеткілікті деңгейдегі көлемді ақпаратқа қанықты.

«Мен үшін, кәсіпқой заңгер ретінде заңгерлік білім ғана емес, психологиялық сипаттағы даулы жағдай тараптарымен қарым-қатынас жасау дағдылары да, олармен дұрыс сөйлесе білу жағы да маңызды. Оның үстіне қазір тренер «қақтығыс» сөзін мейлінше аз қолдануды, тіпті қолданбауға тырысуды айтып отыр. Оның орнына «мәселе», «жағдаят» сияқты біршама жұмсақ ұғымдарды қолдану керек. Яғни тараптарды дауды медиация жолымен шешуге икемдеу қажет», - деп атады ол.

Оның ойынша, заңды құрғақ білу адамды тараптардың ымыралы шешімге табуына көмектесуге қабілетті етпейді. Ал заңды білуге тыңдай білу, тараптармен сауатты түрде араласу және олардың арасында қарым-қатынасты ұйымдастыра білу қосылғанда, тараптардың медиаторға жүгінгендегі әсеріне қол жеткізуге болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер