«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Киізден жасалған бұйымдар бренді

2015 жылғы 07 Шілде
- Алматы қаласы
18392 просмотров

Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» байқауына қатысуға түрлі қызмет саласында жұмыс жасайтын 55 компания өтінім берді. Аталмыш салалар: баспа ісі, жиһаз өндірісі, кондитер өнімдері, азық-түлік, фармация, жеңіл өнеркәсіп және басқалары.

Өтінім берген компаниялар қатарындағы «Aigul Line» ЖШС – 2012 және 2013 жылдары «Халыққа арналған тауарлар» номинациясында ІІІ және ІІ орындар алған «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме байқауының екі мәрте лауреаты.

Компания «ЮНЕСКО сапа белгісі» халықаралық бес сертификатына ие, 2013 және 2014 жылдары «Қанатты әйел» тауарлар мен идеялар жәрмеңкесі аясында Алматы Әкімдігі мен ҚР Президенті жанындағы отбасы және әйел істері жөніндегі комиссия «Ерекше ұлттық дәстүрді сақтаушы» ретінде екі рет номинацияға ұсынған. Өндіретін өнім саны жөнін де, сапасы жөнінен де Қазақстан қолөнершілері арасында көшбасшы орынға ие.

Шеберлер кез-келген үй не кеңсені безендіретін керемет киіз өнімдер жасайды – бұл түрлі кәдесыйлар, интерьер заттары, акксессуарлар, балалар мен ересектерге арналған киімдер.

«Біз үшін «Алтын сапа» байқауына қатысудың өзі бизнес-ортадағы табыстылық көрсеткіші болып табылады. Себебі байқаудың басты идеясы — қатысушы компаниялардың ашықтығы мен қолжетімділігі, сондықтан да үздік болу үшін әділ күреске қатысуға бел будық, - деп бөлісті ойымен компания директоры Айгүл Жансерікова. – Брендіміздің басты құндылығы жаңашылдық, әлеуметтік жауапкершілік және қазақы түп-негізге тиесілілік болып табылады».

Айгүл Жансерікова – шығармашылық адамы, үнемі айналасындағының бәрінің үйлесімі мен әдемілігіне талпынып келеді. Оның қолынан шыққан әрбір бұйым, ол панно не текемет болсын, — нағыз өнер туындысы. Киіз туындылар қазақстандықтардың ғана емес, еліміздің көптеген қонақтарының көз қуанышына айналғанына он жылдан асып кетті.

«2002 жылдан бері шеберханамызда Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген 250-ден астам жергілікті әйелді оқыттық. Олар кейін өз шеберханаларын ашты. Бұл Қазақстандағы дәстүрлі қолөнерді қайта тудыруға қосқан үлесіміз, киіз шеберлерінің мектебін жасақтау. Көптеген жұмыссыз әйелдер осы шығармашылыққа келіп, өздерінің бір қырын танытып, жұмыс орнына ие болды», - деді Айгүл ханым.

2007 жылы «Киіз басу кедейлік және жұмыссыздықпен күрес тәсілі ретінде» жобасын БҰҰ Даму бағдарламасы мен «Capacity 2015» Ақпараттық-білім беру желісі Орталық-азиялық әлеуеттік маңызы бар экологиялық жобалар байқауының жеңімпазы деп танығанын атап өту керек. Аталмыш жоба «Орталық Азиядағы тұрақты даму аумағындағы «Ең үздік тәжірибе» мәртебесін алып, әрі қарай қолдау және тарату үшін ұсынылды. Ал 2011 жылы Қазақстандағы алғашқы киіз басу шеберханасының базасында «Aigul Line» ЖШС тіркелді.

Жаңа өндіріс технологиялары дами келе киіз өнімдер сұрыпталымы қазақстандық нарықта кеңейді, ал өнімнің қолайлылығы мен жоғары сапасы ел ішінде де, одан тысқары жерлерде де «Aigul Line» бренді клиенттерінің сеніміне ие болды. «Aigul Line» өнімдерін бұқаралық тұтынушылар ғана емес, мемлекеттік және бизнес құрылымдар, елшіліктер мен халықаралық ұйымдар, шоу-бизнес өкілдері және көптеген басқалары қолданады.

«Aigul Line» ұлттық және халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелердің, басқа да іс-шаралардың тұрақты қатысушысы болып табылады, сонымен қатар Германияда, Францияда, Италияда, Испанияда, Австрияда, Ұлыбританияда, АҚШ, Түркияда, Ресейде, Әзербайжанда өткен іс-шараларға қатысқан.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер