«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кедейлік үшін салық төле!

2015 жылғы 03 Шілде
- Астана қаласы
10943 просмотров

Салықшылардың заңсыз әрекеттері бизнестің дамуын тежеп отыр

Табысы жоқ кәсіпкер не үшін төлеуге тиіс? Салық органдарымен жұмыста бизнес-қоғамдастық алдында қандай өткір мәселелер тұр?

Елордалық Кәсіпкерлер палатасында Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңестің Тоғызыншы отырысы өтті. Кездесудің негізгі тақырыбы – жыл сайынғы лицензиялық алым төлемегені үшін салынатын кәсіпкерлерге қатысты айыппұл шаралары. Жиналысқа кәсіпкерлер, заңгерлер, прокуратура мен мемлекеттік табыс департаменті өкілдері және журналистер қатысты. Барлық қатысушылар дерлік бұл саланың түйткілдерге толыққанын растады.

«Біздің міндет қалай да «бюджетті толтыру». Біз кәсіпкерлерге көмектесуге тиіспіз. Оның үстіне, қазір ДСҰ-ға кіру қарсаңындамыз және бәсекелестіктің күшеюін күтіп отырмыз. Өз бизнесімізді алақанға салып, олардың өркендеуіне көмектесуіміз керек. Егер бизнесімізді күйретіп, өзгенің экономикасын қоректендіретін болсақ, одан не табамыз?», - деп мәлімдеді Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңес мүшесі Қанат Елеусізов салық органдарының өкілдеріне қарата.

Елордалық Кәсіпкерлер палатасы тізілімінде жүйелік сипат алатын 35 өтініш тіркелген. Бүгінгі таңда 28 оң шешім тапқан. Осындай мысалдардың бірі «OPEN LIGHT.KZ» ЖШС директорының елордалық палатаға Астана қаласы Сарыарқа ауданы бойынша Мемлекеттік табыс басқармасы әрекетіне шағыммен жүгінуі болды.

2014 жылғы қазан айында «OPEN LIGHT.KZ» ЖШС банктегі есептік шоты бұғатталып, ҚҚС төлеушілер есебінен алып тасталады. Кәсіпкер басқармаға жүгінгенде, ЖШС-ның қате мекенжай бергені үшін ҚҚС есебінен алынып тасталғанын хабарлайды. ЖШС қызметі тоқталады да, кәсіпкерлік субъектісі жарты жыл бойы шығынға батады.

Палата сарапшылары материалдарды қарап шығып, нәтижесінде салық тексерісінің қате мекенжайда жүргізілгенін анықтайды. Осыған орай оның нәтижелері ЖШС-ны ҚҚС есебінен алып тастауға негіздеме бола алмаған. Материалдар Астана қаласы прокуратурасына жолданады, және де сонда Палата сарапшыларының ұсынылған дәлелдерін қарап шығып, Астана қаласы Сарыарқа ауданы бойынша Мемлекеттік табыс басқармасына сәйкес қарсылық шығарылады.

Қазір компания ҚҚС төлеуші мәртебесін қайта қалпына келтірді.

«Бұл әрекеттер заңсыз. Қала бойынша қандай түйткілдер бар екенін ойлап шығыңыздар, бұл сіздің құзыретіңізде, сосын барлық кәсіпкерлерді жинап, түсіндіру жұмысын жүргізу қажет», - деп түйіндеді Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі Кеңес Төрағасы Ирак Елекеев мемлекеттік табыс департаменті өкілдеріне қарата. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер