«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кедендік заңнаманы жетілдіру

2015 жылғы 18 Маусым
4661 просмотров

Қазақстанның ЕАЭО Кеден кодексі жобасы бойынша ұсыныстары 29 маусымда Мәскеуде қаралады

Бейнеконференция режимінде кедендік заңнаманы жетілдіру жөніндегі Жұмыс тобының 11 отырысы өтті.

Күн тәртібіне сәйкес, отырыста мынадай мәселелер қаралды:

1. 2015 жылғы мамыр айындағы ЕАЭО Кеден кодексі жобасын даярлау жөніндегі Сараптау тобы отырысының нәтижелері туралы және осы отырыс қорытындысы бойынша Жұмыс тобының қарауына шығарылатын мәселелер туралы.

2. Еуразиялық экономикалық одақ Кеден кодексі жобасын түзеу бойынша Қазақстан Республикасының тұжырымдамалық ұсыныстары туралы.

3. 2015 жылғы маусым айындағы Еуразиялық экономикалық одақ Кеден кодексі жобасын даярлау жөніндегі Сараптау тобының отырысы туралы.

4. Еуразиялық экономикалық одақ Кеден кодексінің жобасын даярлау жөніндегі Сараптау тобының құрамына өзгертулер енгізу туралы.

5. Жұмыс тобының кезекті отырысын өткізу күні және күн тәртібінің жобасы туралы.

Қазақстандық Тараптың өтініш жасауына орай «Еуразиялық экономикалық одақ Кеден кодексі жобасын түзеу бойынша Қазақстан Республикасының тұжырымдамалық ұсыныстары туралы» мәселені Жұмыс тобының жеке отырысында қарауға шешім қабылданды. Ол бейнеконференция тәртібінде Еуразиялық экономикалық комиссияда 2015 жылғы 29 маусымдаМәскеу уақыты бойынша 12.00-де мына мекенжайда өтеді: Мәскеу қаласы, Летниковская көшесі, 2 үй, 2 құрылыс, «С» корпусы, 631 бөлме.

2015 жылғы мамыр айындағы Сараптау тобы отырысының қорытындысы бойынша Жұмыс тобының қарауына шығарылған мәселелер бойынша мынадай шешімдер қабылданды:

1.ЕАЭО КК жобасынан декларантқа Одақтың кедендік аумағына әкелуге немесе кедендік транзиттің кедендік процедурасымен халықаралық пошта жөнелтімдеріне қайта жіберуге тыйым салынған тауарлардан тұратын халықаралық пошта жөнелтімдерін орналастыру кезінде бейтарифтік реттеу шараларын сақтау бойынша міндеттеме жүктейтін нормаларды алып тастау туралы

ЕЭК Кедендік-тарифтік және бейтарифтік реттеу департаменті Ресей Федерациясының аталмыш норманы алып тастау туралы ұсынысына қарсы шыққанын, ал Армения Республикасы, Беларусь Республикасы мен Қазақстан Республикасының Ресей ұсынысына қолдау жасағанын еске саламыз.

Талқылау қорытындысы бойынша Жұмыс тобы ЕАЭО КК жобасынан аталмыш норманы алып тастау туралы шешім қабылдады.

2.Тауарлар жіктелуі туралы алдын ала шешімнің әрекет ету мерзімі туралы

Алдын ала шешімнің әрекет етуінің 5 жылдық мерзімін белгілеу жөніндегі Тараптардың келіспеушіліктеріне орай, ЕАЭО КК жобасын ұлттық заңнаманың алдын ала шешімнің жалпы белгіленгенге қарағанда (3 жыл) біршама ұзақ әрекет ету мерзімін белгілеу мүмкіндігін көздейтін нормамен толықтыруға шешім қабылданды.

3.Тауарлардың жіктелуі туралы алдын ала шешімге өзгертулер енгізу туралы шешімнің және тауарлардың шыққан тегі туралы алдын ала шешімге өзгертулер енгізу туралы шешімнің күшіне ену мерзімі туралы

Жұмыс тобы болып өткен талқылауды ескере отырып 2015 жылғы маусым айында Сараптау тобы отырысының аясында норманы түзеу қажеттігі туралы шешім қабылдады.

4.Кеден органдары лауазымды тұлғалардың қатысуынсыз кеден органдарының ақпараттық жүйесінің кедендік операцияларды жүргізу мүмкіндігі туралы

Сараптау тобына талқылауды ескере отырып 2015 жылғы маусым айында өткен отырыс аясында норманы түзеу тапсырылды.

5.Дүкендерде Одақтың кедендік аумағына келетін жеке тұлғаларға тауарларды бажсыз сатуды жүзеге асыру мүмкіндігі туралы

Аталмыш мәселенің экономикалық мазмұнына байланысты оны Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің қарауына шығаруға шешім қабылданды.

6.Бажсыз сату кедендік процедурасымен орналастырылған шетелдік тауарларға, осындай тауарларды Кодекстің 39 тарауына сәйкес ішіп-жем ретінде қолдану үшін шығаруға қатысты бажсыз сату кедендік процедурасын аяқтау мүмкіндігі туралы

Сараптау тобына мәселені өткен талқылауды ескере отырып 2015 жылғы маусым айындағы отырыс аясында қосымша пысықтау тапсырылды.

7.Кедендік бақылау өткізу кезінде тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану туралы

Армения Республикасы мен Қазақстан Республикасы Беларусь Республикасының кеден органдарының кедендік бақылауды тәуекелдерді басқару жүйесінің негізінде жүргізуі туралы ұсынысына қолдау жасалды.

Ресей Федерациясының ұстанымы кедендік бақылау нысандарын таңдау кезінде тәуекелдерді басқару жүйесін, кедендік бақылауды жүргізуді қамтамасыз ететін кедендік бақылау формаларын және (немесе) шараларын қолдануда болып отыр.

Талқылау қорытындысы бойынша Сараптау тобына 2015 жылғы маусым айында отырыс аясында норманы түзеу тапсырылды.

8.Кедендік бақылау формаларына «Түсіндірмелер алу», «Кедендік бақылаудағы тауарлар есебі», «Тауарлар есебі мен тауарлар есебін жүргізу жүйесінің болуын тексеру» сияқты формалардың кіргізілуі туралы

Сараптау тобына өткен талқылауды ескере отырып 2015 жылғы маусым айында отырыс аясында мәселені қосымша пысықтау тапсырылды.

9-10. ЕАЭО КК жобасынан №№ 1,2 Қосымшаларды алып тастау туралы

Қазақстан Республикасы Беларусь Республикасының ЕАЭО КК жобасынан №№ 1 және 2 Қосымшаларды алып тастау туралы ұсынысын қолдады, онда көзделетіндер:

- Ресей Федерациясы Калининград облысы Ерекше экономикалық аймағы аумағы мен Еуразиялық экономикалық одақ кедендік аумағының қалған бөлігі арасында Еуразиялық экономикалық одақ мүшелері болып табылмайтын мемлекеттер аумақтары арқылы тауарларды алып өту ерекшеліктері;

- Аумақтық қағидат бойынша құрылған ерекше экономикалық аймақтарда еркін кедендік аймақ кедендік процедурасын қолдану ерекшеліктері (Калининград облысы, Магадан облысы, Қырым Республикасы және федералдық маңызы бар Севастополь қаласы аумағында).

Беларустық және қазақстандық Тараптардың ойынша, аталмыш қосымшалардың жекелеген ережелері кедендік реттеу тұрғысынан ЕАЭО КК жобасының сәйкес тарауларына қосуға тиесілі, экономикалық сипаттағы мәселелер жеке халықаралық келісім аясында реттеуге тиесілі.

Аталмыш мәселені Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің қарауына шығаруға шешім қабылданды.

Кеден кодексі жобасын даярлау бойынша Сараптау тобының кезекті отырысы Мәскеуде 2015 жылғы 26 маусымға дейін ЕЭК алаңында өтеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер