«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ЕАЭО Кеден кодексі: мәміле іздеу

2015 жылғы 05 Маусым
4652 просмотров

2015 жылғы 15 маусымда Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2013 жылғы 9 қазандағы Шешімімен құрылған (Мәскеу уақыты бойынша сағат 12.00-де бейнеконференция режимінде) кеден заңнамасын жетілдіру жөніндегі Жұмыс тобының 11 отырысы өтеді.

Қазақстандық тараптың ЕАЭО Кеден кодексі жобасына түзетулер пакетін даярлауына байланысты Жұмыс тобы отырысының күн тәртібіне «Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық одақ Кеден кодексі жобасын түзеу бойынша тұжырымдамалық ұсыныстары туралы» мәселе кіргізілді.

Еуразиялық экономикалық комиссия ЕАЭО Кеден кодексі жобасын даярлау жөніндегі Сараптау тобының 13 отырысын өткізу күнін белгіледі: 2015 жылғы 16-26 маусым аралығында Мәскеу қаласы, Летниковская көшесі, 2 үй, 1 құрылыс, «D» корпусы, 702 және 726 бөлмелер мекенжайында.

Сараптау тобы отырысының барысында Тараптар мен Еуразиялық экономикалық комиссияның ЕАЭО Кеден кодексі жобасының мына ережелері бойынша ұсыныстары мен ескертулерін талқылау жоспарлануда:

1) 10 тарау «Кедендік декларациялау және кедендік декларациялаумен байланысты кедендік операциялар» және 11 тарау «Тауарлар шығару және тауар шығарумен байланысты кедендік операциялар»;

2) 326 бап «Кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру»;

3) жекелеген кедендік процедураларда, сондай-ақ тауарлардың жекелеген санаттарына қатысты кедендік операцияларды жасау кезінде кедендік баждар, салықтар, арнайы, демпингке қарсы және өтемақылық баждарды төлеу және кедендік құнын айқындау мәселелерін реттейтін баптар;

4) 15 тарау «Кедендік транзит кедендік процедурасы» және № 1 қосымша «Ресей Федерациясы Калининград облысындағы ерекше экономикалық аймақ пен Еуразиялық экономикалық одақ кедендік аумағының қалған бөлігі арасында Еуразиялық экономикалық одақ мүшесі болып табылмайтын мемлекеттер аумақтары арқылы тауар алып жүру ерекшеліктері»;

5) 4 тарау «Кедендік төлемдер, арнайы, демпингке қарсы, өтемақылық баждар» және № 3 қосымша «Кедендік баждар, салықтар төленуге тиісті Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекетке өндірілген кедендік баждар, салықтар сомаларын аудару және кедендік транзит кедендік процедураларға сәйкес тауарларды тасымалдау кезінде кедендік баждар, салықтар төлету кезіндегі кедендік органдардың әрекеттестік тәртібі»;

6) 5 тарау «Жекелеген тауарлар санатының кедендік шекара арқылы өту тәртібі мен шарттарының ерекшеліктері»;

7) 7 тарау ЕАЭО КК жобасы «Кедендік органдары» және № 4 қосымша «Кедендік органдар ақпараттық ресурстарынан алынған ақпарат алмасуға арналған мәліметтер тізбесі»;

8) 8 тарау «Кеден ісі саласындағы қызмет. Уәкілетті экономикалық оператор»;

9) 9 тарау «Өтпелі ережелер».

Сонымен қатар, Еуразиялық экономикалық одақ Кеден кодексі туралы Шарт жобасын және аталмыш Шартқа №2 Қосымшаны талқылау жоспарлануда.

Аталмыш отырыстарға қатысу үшін үміткерлерді 2015 жылғы 8 маусымға дейін Ұлттық палата Кедендік әкімшілік ету департаментіне жолдауды сұраймыз, e-mail: e.karimova@palata.kz

Еуразиялық экономикалық комиссия ақпараты бойынша Армения Республикасының ЕАЭО Кеден кодексі жобасы бойынша ұсыныстары мен ескертулері тікелей Сараптау тобының отырысында хабарланады.

Кедендік заңнаманы жетілдіру жөніндегі Жұмыс тобының 11 отырысына арналған материалдармен мына жерде танысуға болады.

ЕАЭО Кеден кодексі жобасын даярлау жөніндегі Сараптау тобы 13 отырысына арналған материалдармен мына жерде танысуға болады.

Сараптау тобының күн сайынғы тақырыптары көрсетілген отырыстар кестесімен мына жерде танысуға болады.

Қазақстан Республикасының ЕАЭО Кеден кодексі жобасы бойынша ұсыныстарымен және ескертулерімен мына жерде танысуға болады.

Беларусь Республикасының ЕАЭО Кеден кодексі жобасы бойынша ұсыныстарымен және ескертулерімен мына жерде танысуға болады.

Ресей Федерациясының ЕАЭО Кеден кодексі жобасы бойынша ұсыныстарымен және ескертулерімен мына жерде танысуға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер