Салалық мамандарды құзыреттілікке үйрету
«Атамекен» Ұлттық палатасында техникалық реттеу жүйесінің талаптары бойынша мамандардың біліктілігін көтеру семинары өтті
Қазақстандық бұзбай бақылау және техникалық диагностика қауымдастығының президенті Светлана Заитова салалық қауымдастық базасында қызметкерлердің 17024 халықаралық стандартына сәйкестігін растау жөніндегі орган құру тәжірибесімен бөлісті. Оның айтуынша, 17024 стандарты күллі әлемде түрлі кәсіптер қызметкерлерін сертификаттау үшін қолданылатын түрлі процедураларды үйлестіруге бағытталған.
Бағдарламаға қатысушыларға (адами капиталды дамыту департаменті, ҰКП салалық комитеттері хатшылықтары мен салалық қауымдастықтар сарапшыларына) қызметкерлердің сәйкестігін растау бойынша аккредиттеуден өту процедурасы және оның барлық кезеңдері жайлы айтылды.
«ҰКП бастамасымен ұйымдастырылған аталмыш бағдарлама болашақта қызметкерлерді сертификаттауды өткізу бойынша ҰКП және ӨКП өз жұмысшыларының біліктілігін көтеруге мүмкіндік береді. Өкінішке орай, бейнеконференциялық байланыс форматында өткен бірқатар өңірлермен кездесу көрсеткендей, бүгінде біз түрлі тілдер туралы айтамыз, бұл жұмысты ортақ түсіну қалыптаспаған. Осыған орай алдымызға мынадай мақсат қойдық – бағдарлама құру, яғни ҰКП жұмысшылары үшін өзінше бір сауаттылықты жою бағдарламасы. Онда техникалық реттеу жүйесіндегі қызметкерлерді аттестаттау шарттары жайлы, олар осы ақпаратты салалық қауымдастықтарға жеткізе алатындай етіп айтамыз», - деп түсіндірді Светлана Заитова.
Қазақстандық бұзбай бақылау және техникалық диагностика қауымдастығының президенті мамандарды сертификаттау аумағындағы ҚР заңнамасы жайлы, шетелдік тәжірибе және қызметкерлердің сәйкестігін растау жөніндегі орган құрылымы жайлы, сертификаттау схемасына қойылатын талаптар туралы айтып берді.
Ұлттық аккредиттеу орталығының қызметкерлер сәйкестігін бағалау жөніндегі аудитор-сарапшысы Күлпаш Әбенова ресурстарға (қызметкерлер, материалдық-техникалық және нормативтік жабдықтау) қойылатын талаптар туралы, қызметкерлердің сәйкестігін растау жөніндегі органдардың 17024 стандартына сәйкестік критерийлері мен аккредиттеу тәртібі туралы Ұлттық кредиттеу орталығының қызметкерлер сәйкестігін бағалау жөніндегі аудитор-сарапшысы Күлпаш Әбенова ақпарат берді. Оның айтуынша, бүгінде мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдері арасында қызметкерлерді сертификаттау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет.
Семинарға қатысушыларға сондай-ақ сертификаттау процесі, бағалау әдістері, сапа менеджменті жүйесі құжаттарының құрылымы туралы айтылды.
Бағдарлама қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға ҰКП мен Қазақстандық бұзбау бақылау және техникалық диагностика қауымдастығының техникалық реттеу, аккредиттеу жөніндегі құжаттарды даярлау саласындағы курстан өткені туралы бірлескен сертификаттары берілді. Бұл сертификат болашақта салалық қауымдастықтармен жұмыста көмекке келетін болады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: