«Атамекен» сұйытылған газ нарығын монополиялауды қолдамайды
Бұл ұстаным ҰКП Төралқасы Мұнай-газ өнеркәсібі комитетінің кезекті отырысында айтылды
Отырыс ҚР ҰКП Төралқасының мүшесі Данияр Әбілғазиннің төрағалығымен өтті.
KAZENERGY Қауымдастығы, ірі мұнай-газ компаниялары және бірқатар қоғамдық ұйымдар өкілдерінен тұратын Комитет қатысушылары ТМД нарығында бірыңғай оператор құру идеясына үзілді-кесілді қарсы. Аталмыш ұсыныс Yellow Pages Rule (мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуын шектеу туралы Заң жобасы) ережелеріне нарық пен бизнесті дамыту жөнінен қайшы келеді және Қазақстанның осы нарық сараланымының монополиялануына сеп болады. Заң жобасының негізгі идеясы мемлекеттік сектордың жеке меншік сектор дамуына жеке меншік бизнес орын алған нарықтарда мемлекеттік компаниялардың құрылуына тыйым салу жолымен қысым жасауын болдырмауды болжайды. Сонымен қатар, Комитет баға өсуін ұстап тұру мақсатында ЖЖМ бағаларына қолданылған жағдайға ұқсас бөлшек бағаны реттеу мәселесін қарауға болады деп есептейді.
Бүгінгі таңда сұйытылған мұнай газы нарығы мемлекеттік реттеуде және оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі ТМД мен ішкі нарықта көтерме өткізуге шекті бағаларды белгілеу жолымен реттеп отыр. ТМД көлемдерін ішкі нарықта өткізу ҚР Энергетика министрлігі аккредиттеген газбен жабдықтаушы ұйымдар (ГЖҰ) желісі арқылы жүреді.
Сондай-ақ, отырыста модернизациялау бойынша 100 қадам негізінде КСШ (көмірсутекті шикізат) қорларын есепке алу жүйесін реформалауға байланысты мәселе, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 қыркүйектегі №964 Қаулысымен бекітілген ұйымдардың тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті мазмұнды есептеу бірыңғай әдістемесі және Еуразиялық экономикалық одақ Кеден кодексі жобасына ұсыныстар жөніндегі мәселелер қаралды.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: