«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жаңа Экологиялық кодексін әзірлеу қалай жүріп жатыр?

2018 жылғы 01 Маусым
6627 просмотров

1 маусым күні «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасы жанындағы Мұнай және газ  өнеркәсібі комитетінің 25-отырысы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқасының мүшесі Данияр Абылғазиннің жетекшілігімен өтті.

Қатысушылар ҚР Экологиялық кодексі Тұжырымдасымен атқарылған жұмыс бойынша ағымдағы жағдайды талқылады. Атқарылып жатқан жұмыс жайында толығырақ «KAZENERGY» қауымдастығының атқарушы директоры Рүстем Қабжанов хабарлады.

 «ҚР Энергетика министрлігімен бекітілген жол картасы аясында жаңа экологиялық заңнамасына ұсыныстар дайындау бойынша жұмыс тобының отырысын өткізу көзделген болатын. Бүгінде барлық жиындар өткізілді, жұмыс барысында жаңа Экологиялық кодекс Тұжырымдамасына кіретін сұрақтар реттелді. Қазіргі таңда Энергетика министрлігі кеңесшілермен бірге Тұжырым жобасын әзірлеп жатыр.  Министрлік тарапынан мақұлдау болған соң қауымдастықтар мен мүдделі тараптар аталған құжатпен таныса алады. Біз қосымша ЭЫДҰ мемлекеттері тәжірибесін талдау бойынша консультанттарды тарту мәселесімен айналысып жатырмыз», – деп хабарлады Рүстем Қабжанов.

 

Атқарылған жұмыстар нәтижесі жиын қатысушыларының көңілінен шықты, ары қарай осы серпінде жұмыс істеу ұсынылды.

Ары қарай жиын қатысушылары Қызылорда облысындағы жер қойнауын пайдаланушыларға арнайы мамандандырылған ұйымдарға тапсырылған бұрғылау қалдықтарын иеліктен шығару үшін қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлем түрінде салықтарды есептеу мәселесіне тоқталды.  

«KAZENERGY» компаниясына Қызылорда облысы жер қойнауын пайдаланушыларынан жергілікті салық органдары бұрғылау қалдықтарын иеліктен шығару үшін түрлі айыппұлдар, өсімақылар және басқа да төлемдерді талап етуіне шағымданды. Осы мәселе бойынша ҚР Инвестициялыр және даму министрлігінде Мемлекеттік кірістер комитеті, Энергетика министрлігі, жер қойнауын пайдаланушылар, «KAZENERGY» өкілдері қатысуымен жиын өтті. Қазіргі таңда Қызылорда облысында Экологиялық реттеу және бақылау комитеті құрылымдық бөлімшелерінің қорытындылары негізінде жергілікті атқарушы органдар салық төлемдерін өндіру практикасы қалыптасқан. Осы ретте Энергетика министрлігі және Экологиялық реттеу және бақылау комитеті орталық аппараты тарапынан «қолданыстағы заңнама бойынша жер қойнауын пайдаланушы бұрғылау қалдықтарын орналастыратын тұлға болып табылмайды және белгілі бір көлемде жиналған қалдықтарды арнайы мамандандырылған компанияларға кәдеге жаратуға тапсырады» деген түсіндірме берілген болатын. Осы ретте салық органы кодекс ережелерін Энергетика министрлігі мен Экологиялық реттеу және бақылау комитеті берген түсіндірмені ескерусіз қолданып жүр. Бұл жайт жер қойнауын пайдаланушы компанияны кінәлі деп танып, негізсіз салық төлемдерін өндіруге апарады. Бұл мәселені сәйкес мемлекеттік органдар деңгейінде көтеру керек деп санаймыз. Мұндай практиканы тарату жер қойнауын пайдаланушыларға ауыртпалық әкеледі әрі болашақта инвестициялық тартымлыққа нұқсан келтіреді». 

 

Данияр Абылғазин аталған мәселені барлық бағыттар бойынша қарастыру керек екенін атап өтті.

«Бұл мәселені ҚР Үкіметі отырыснда көтеру керек. Әзірге мұны «Атамекен» назарына алу керек», – деді Комитет төрағасы.

«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Елдос Рамазанов Ұлттық палата аталған мәселені бақылауда ұстап отырғанын хабарлады. Осы ретте Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қолдау көрсетуге дайын.

Жиын барысында «KAZENERGY» қауымдастығының Бас директоры Әсет Мағауов хаттамалық тапсырмаларды қолдану және Қауымдастықтың ағымдағы жұмысы бойынша жағдай туралы хабарлады. Өз кезегінде «KAZENERGY» қауымдастығының атқарушы директоры Заңғар Ноғайбай ҚР Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодексінде қолданылатын нормативті-құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу бойынша жұмыс барысын айтты.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер