«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Енгізуге дайын емеспіз!

2015 жылғы 19 Маусым
- Шымкент қаласы
8677 просмотров

Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлері бақылау-кассалық машиналарды енгізуге дайын емес.

Бақылау-кассалық машиналарды (БКМ) енгізу мәселесі бойынша Палатада өткен жиналыс ЖЖМ және алкоголь өнімдерін сататын кәсіпкерлердің қызу эмоциясын тудырды. 

Олар 2015 жылғы 1 шілдеден бастап ақшалай есеп айырысуды деректер беру функциясы бар бақылау-кассалық машиналар көмегімен жүргізуге тиіс. Жаңа енгізілім мерзіміне бір аптадан сәл ғана асатын уақыт қалды, бірақ, талдау көрсетіп отырғандай, Оңтүстік Қазақстанның барлық кәсіпкерлері бірдей аппарат сатып ала қоймаған.

Және де мәселе жаңа бақылау-кассалық машиналарды қолданудың міндеттілігі тіпті айтарлықтай қосымша шығындармен шағын және орта бизнес өкілдерінің мойнына жүктелетіндігінде де емес (БКМ сатып алу, интернетті пайдаланғаны үшін, ақпаратты сақтау, техникалық қолдау үшін ай сайынғы абоненттік төлем, шығыс материалдары және т. б.). Мәселе мынада: ОҚО БКМ енгізуге техникалық тұрғыдан дайын емес, себебі бұл сәйкес телекоммуникациялық байланыс пен Интернет желісінің болуын болжайды. Себебі бұл жаңа аппаратура, жаңа ұстанымдар, жаңа коммуникациялар.

Қазақтелекомға фискалдық деректер операторы ролі беріліп отыр. Оның өкілдері жиналыста қызықты деректер келтірді: бүгінде Оңтүстік Қазақстанның 3 532 кәсіпкері, шын мәнісінде, БКМ-ға ие олуға тиіс, бірақ қосылу мүмкіндігі оның ішінде 1 029 кәсіпкерде ғана бар, 303 кәсіпкерде мүлдем ешқандай техникалық мүмкіндік жоқ, ал 2 200 кәсіпкерлік субъектісінде, анықталып отырғандай, адресат та, байланыс та жоқ болып шықты.

Тәжірибе көрсетіп отырғандай, алдыңғы деректер беру функциясы бар БКМ қолдану бойынша пилоттық жоба (2014 жылғы) «Қазақтелеком» серверінің түйткілдерін ашып берген, ол көбіне қолжетімсіз болған, іркіліп қалатын болған, қосылу мүмкіндігі болмаған. БКМ-ны жаппай енгізу кезінде жұмыстың жеделдігі жөнінен кәсіпкерлер арасында негізді қауіп тудырған да осы болатын.

Палатаның Сарыағаш ауданындағы филиалы директорының айтуынша, Оңтүстік Қазақстандағы ШОБ саны жөнінен алда тұрғандардың бірі Сарыағаш қаласында интернетпен және байланыспен жалғасу тұрақсыз, сонымен қатар мобильді 4G/LTE Интернетінің провайдері әрі ұялы байланыс операторы  Altel 4G GSM байланысы қызмет жасамайды.

Мақтаарал ауданындағы жағдай да осыған ұқсас. Ал жаңа телекоммуникацияларға жалғанусыз бақылау-кассалық машинасының жұмысы мүмкін емес.

Нарық субъектілерінің жаңа талаптарды орындауға дайын еместігіне куә болатын тағы бір себеп анықталды. «Сервис Плюс» ЖШС компаниясының өкілі компанияның облыс үшін бақылау-кассалық машиналарды бүгіннен-ақ сатуды бастай алатынын хабарлады, бірақ… «Қазақтелеком» бақылау-кассалық машиналар үшін sim-карталарды әлі күнге дейін даярламапты. Яғни, тіпті кәсіпкерлер Салық кодексінің талабын 2015 жылғы 1 шілдеден бастап орындап тастағылары келсе де, мұны физикалық жағынан жасай алмас еді.

Оңтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің мүшесі, сауданы дамыту комитетінің төрағасы Қайыпбек Қамбаров (ол сондай-ақ «Жанар жағармай» қауымдастығының төрағасы) жиналыс қорытындысын шығарды. Оның ойынша, деректер ОҚО кәсіпкерлерінің үстіміздегі жылдың 1 шілдесінен бастап деректер беру функциясы бар БКМ енгізуге дайын еместігін көрсетеді.

Осыған орай, қатысушылар Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жаңа талапты енгізу мерзімін 2016 жылғы 1 қаңтарға жылжыту туралы ұсыныс енгізді. Ал егер бұның орындалуы мүмкін болмаса, фискалдық органдарға бақылау-кассалық машиналары жоқтарға қандай да бір айыппұл шараларын қолданбау және жақын арада тексермеуді тапсырып, өтпелі кезеңді қарастыру ұсынылды.

«Қазақтелеком» акционерлік қоғамына ОҚО Кәсіпкерлер палатасымен бірге БКМ-ға қосу қажеттілігіне талдау жасау (аудандық және қалалық деңгейлерде) ұсынылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер