«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Экологиялық сараптамадан өту жеңілдетілді

2015 жылғы 16 Маусым
9491 просмотров

ҚР Энергетика министрлігі IV санатты (ШОБ өкілдері) қоршаған ортаға эмиссия жобаларына мемлекеттік сараптама өткізу туралы талапты алып тастады.

«ҚР кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 2 шілдедегі № 225-V ҚР Заңының аясында ҚР Экологиялық кодексі 37 бабына IV санатты нысандарға жобалау құжаттамаларының мемлекеттік экологиялық сараптамадан өту процедураларын жеңілдету бойынша өзгертулер енгізілді, атап айтқанда:

1) IV санатты нысандар Қоршаған ортаға әсер етуді алдын ала бағалау нысандарынан (1 саты), сондай-ақ қоршаған ортаға жағымсыз әсер етудің алдын алу бойынша техникалық шешімнен тұратын жұмыс жобасының құрамында «Қоршаған ортаны қорғау» бөлімінің аясында Қоршаған ортаға әсерді бағалау нысандары қатарынан (3 саты) алынып тасталды;

2) IV санаттың әрекеттегі нысандары жобаны жүзеге асырудың ықтимал әсерлерін толық және кешенді талдау немесе ілгеріде шаруашылық және басқа да қызметті іске асыру, қоршаған ортаны қорғауды басқару жоспарын (бағдарламасын) дайындау және баламалы нұсқаларды негіздеу мақсатында орындалатын Әсер етуді бағалау (2 саты) нысандары қатарынан алынып тасталды.

Қазірде, ҚР Экологиялық кодексіне сәйкес, IV санат нысандарына (ШОБ нысандары) қоршаған ортаға эмиссиялар жобаларына мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу талап етілмейді. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер